Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'П' было найдено совпадений: 7409


Әбілдин Қанапия

       1917 жылы Торғай ауданы Албарбөгет ауылында туған. 1942 жылы мамырда әскерге алынып, Челябі облысындаға Шұбаркөлде дайындықтан өткен. 1943 жылы қаңтарда бетінен жарақат алып, екі рет операция жасалған. Соғысқа қайта кіріп, 1943 жылдың аяғында Витебск қаласы түбінде сол жақ санынан ауыр жарақат алған. Горький қаласындағы госпитальда үш рет операция жасалған. 1945 жылы босап, елге келді. Ұжымшарда, кеңшарда жүргізуші болып еңбек етті. Тоқсаныншы жылдардың басында дүниеден өтті. Артында 12 баладан тараған ұрпақтары әр салада еңбек етуде. Соғысқа қатысқаны үшін мерекелік белгілермен марапатталып отырды.


Джангельдинский район




Әлиақпаров Ғабдол-Мажит

       1910 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Жалдама бойында туған. 1922-1928 жылдары Аманкелді орта мектебінде оқыған. 1928-1930 жылдар аралығында Аманкелді ауданында артельде жұмысшы болып еңбек еткен. 1938-1948 жылдары армия қатарында болған. Соғыста 120 АД құрамында қатардағы жауынгер. Эстония жерін азат ету ұрыстарына қатысқан. Жауынгерлік 6 медальмен марапатталған. 1948 жылы елге оралғасын, бұрынғы жұмыс орнында завхоздың міндетін атқарған. 1962 жылы ауыр науқастан қайтыс болды. Зайыбы Әлиақпарова Болтай екеуінің артында екі баласы, 2 немересі бар.


Амангельдинский район




Әліппайұлы Ахметбек

       Бұрынғы Қараторғай болысы, қазіргі Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесіне қарасты ауылда туған.1942 жылдың қаңтар айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, Шұбаркөл қалпсындағы әскери дайындықтан өткеннен кейін 350 АП құрамында қатардағы жауынгер боған. Әскер қатарынан 02.1945 жылы босап елге келген. «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германийны жеңгені үшін» медальдарымен және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Соғыстан кейін осы ауданның Молотов, Абай атындағы колхоздарда жұмыс істеген.


Амангельдинский район




Әміралин Сапа

       Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №3 ауылда 1922 жылдың 18 наурызында дүниеге келген. Әке-шешеден ерте айрылған. 1941 жылдың 19 қазанында Жаңа ауыл орта мектебінің 7-ші сыныбынан әскерге шақырылады. Майданда 520-шы атқыштар дивизиясының құрамында соғысады. 1942 жылы қолынан ауыр жараланып, госпитальда емделеді, сол жылы елге оралды. Көп ұзамай еңбекке араласады. Бухгалтердің көмекшісі, колхоздың есепшісі, қойма меңгерушісі болған. Қорғасын руднигінде, байыту фабрикасында істеген жылдары бар. Қайынды, Иманов атындағы кеншарларда құрылыс басқарушы міндеттерін атқарған. 70-ші жылдары жұмысшылар кооперативінде, жинақ кассада істеген, зейнеткерлікке шығады. Көптеген медальдармен және мақтау грамоталарымен марапатталған. 2003 жылы қайтыс болды.


Амангельдинский район




Өтепбаев Мырза

       1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы шілде айында әскер қатарына Торғай АӘК-нан шақырылып, соғаста 2 ЖД полкінде теміржолшы-жауынгер болған. Әскер қатарынан 1946 жылы босап, елге келіп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Өтепбергенов Досмағұл

       1906 жылы Торғайдың Көкалат ауылында туған. Байдың малын баққан, серіктестіктерде еңбек еткен. Атақты Албарбөгет бөгетін салуға қатынасқан. 1931 жылы Орск қаласында теміржолда істеген. Кейін елге келіп шығырмен егін салған. 1941 жылы әскерге алынып, Ленинград майданында ұрыстарға қатысқан. 1943 жылы соғыста бір аяғынан айырылып, 1-ші топтағы мүгедек болып елге оралды. Туған аулы – Аманкелді ұжымшарында қойма меңгерушісі боп жұмыс жасады. Ұлы Отан соғысының мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. Рзакүл есімді қызы, Қапен атты ұлынан тараған немере, шөберелері бар. Өзі 1979 жылы өмірден өтті.


Джангельдинский район




Ақмағамбетов Сақтапберген Бөженұлы

       1925 жылы 4 мамырда дүниеге келген. 1943 жылы әскерге алынған. Ұлы Отан соғысында танкист болған. Украинаны, Польшаны, Чехословакияны немiстерден азат етуге қатысты. Соғыс жылдары Қызыл Жұлдыз орденiмен, бiрнеше медальдармен марапатталған. Жеңістен кейiн әскер қатарында бес жыл болды, 1950 жылы капитан шенiн алған Сақтапберген еңбек етуге туған жерi Қостанай облысына оралды. Ол машина, трактор, комбайнде жұмыс iстедi, жақсы еңбегімен көзге түсiп Қызыл Ту орденi және “Еңбектегі ерлігі үшін” медалiне ие болды. Жұбайы Сара екеуi 2 үл, 7 қыз өсiрiп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған жандар. 1976 жылы 1 мамырда дүниеден өттi.


Наурзумский район




Абакумов Павел Дмитриевич

       Родился в 1909 году, уроженец п. Докучаево Урицкого (Сарыкольского) района Кустанайской области. В январе 1942 года был призван в армию и направлен на фронт. Воевал в составе 627 стрелкового полка 162 стрелковой дивизии. Был ранен, инвалид войны. В мае 1942 года вернулся домой. Награжден орденом Отечественной войны I степени, медалью «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», юбилейными медалями.


Сарыкольский район




Абалмасов Петр Михайлович

       Родился в 1912 году. Мобилизован на военную службу в 1941 году Стерлитамакским РВК. Участник Великой Отечественной войны с августа 1941 года по сентябрь 1942. Воевал в составе 75 морской бригады. Пулеметчик. Демобилизован в 1944 году. Умер.


Карасуский район




Абашин Владимир Петрович

       Родился в 1914 году в Запорожской области, город Малочанск. Призван Бетокманским РВК, служил с 1936 года в составе ИТК №33 в звании старшего лейтенанта. Участник Отечественной войны. 26 мая 1942 году ранен и контужен, лечился по 30 августа 1944 года.


Аулиекольский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика