Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'М' было найдено совпадений: 12918


Кәрібаев Молдахмет

       1908 жылы Торғайдың Шилі аулында туған. Сауатын САУЖОЙда ашқан. Әуелгіде серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасты. Елге оралған соң ұжымшарда, кейін кеңшарда бригадир, қатардағы жұмыскер боп еңбек етті. Соғыс ардагері ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы күндерінде әрдайым еленіп, марапатталып отырды, тиісті мерекелік медаль, белгілермен атап өтілді. Молдахмет ақсақал 1998 жылы қайтыс болды.


Джангельдинский район




Кәрімбаев Сатыбалды

       1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскер қатарына 1942 жылдың наурыз айында шақырылып, соғыста 913 арт. полкте зеңбірек көздеушісі болған. 1943 жылы Эстониядағы Долгая Нива деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Көбеев Омар

       1906 жылы Торғайдың Ақкөлінде туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Әуелі серіктестік, кейін ұжымшарда еңбек еткен. 1941 жылы Торғай әскери комиссариаты армияға жіберген. Курск доғасына, Украина майданында қатысқан. 1945 жылы елге оралған. Келген жылдан бастап ұжымшарда шопан боп еңбек етті. 1957 жылы Мәскеуде Бүкілодақтың көрмеге қатынасты. 1964 жылы қайтыс болды. 4 ұлынан өрбеген немере, 4 шөберелері бар. Олардың қатарында мал мамандары, жоғары білімді медицина саласының қызметкері бар. Балалары да марқұм әкесі сияқты елге беделді, жұмыстарында табыс биігінен көрініп жүр.


Джангельдинский район




Көбенов Абдрахман

       1918 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Ұзынқоға деген жерде дүниеге келген. 1941 жылы армия қатарына шақырылып, Орынбор облысының Бузулук қаласындағы кіші командирлер дайындайтын мектепке жіберіледі. Оқуын бітірген соң 1942 жылдың мамыр айында танкке қарсы зеңбірек взводының командирі етіп тағайындалды. 62-ші Армия құрамындағы 98-ші атқыштар дивизиясы Сталинград майданына жіберіледі. Біздің жауынгер соғыста берген антына берік болды, жаумен жан аямай айқасты. Оның взводы бір күнде немістің 20 танкісі бар бір полктай жаяу әскеріне қарсы тұрып, бір адымда шегінбестен қорғана білді, жеңіске жетті. Гвардия кіші лейтенант Абдрахман Көбенов соғыстағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және тағы басқа мерекелік 6 медалімен марапатталған. Елге жеңіспен оралғаннан кейін зейнеткерлікке шыққанша мектептерде мұғалім болып, шәкірттер тәрбиеледі. Қайтыс болды, артында ұл, қыз және немерелері бар.


Амангельдинский район




Көкенов Құлахмет

       1926 жылы Жезқазған облысында туған. Әскерге 1945 жылы қаңтар айында Аманкелді АӘК-нан шақырылған. 238 АП құрамындағы 3 мед.санбатта қызмет етіп, 1945 жылы мамыр айында әскер қатарынан босаған. Әскери атағы ефрейтор. Аманкелді аудандық мәдениет үйінде киномеханик болып жұмыс істеп зейнеткерлікке шыққан. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Жанұясында ұл-қыздары бар.


Амангельдинский район




Көнкұлов Баяхмет

       1916 жылдың қаңтар айында қазіргі Аманкелді ауданы Сартал ауылдық кеңесінде туған. Торғай АӘК-нан әскер қатарына 1941 жылы шақырылып, соғыста 136 сан. поезда қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1946 жылы босаған. Жұмыскер. 1987 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Көшекбаев Тоқмағанбет

       1923 жылы Аманкелді ауданында туған. Әскерге 1941 жылы мамыр айында Қостанай АӘК-нан алынып, соғыста 9 гв. АП құрамында қызмет еткен. Әскери атағы – аға лейтенант. Жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдарымен марапатталған. Майданнан 1944 жылы әскер қатарына жарамсыз – мүгедек болып елге оралған. Аудан шаруашылықтарында көп жыл басқару жұмыстарын атқарған. Жанұясында ұл-қыздары мен немере шөберелері бар. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Көшенов Жанахмет

       1919 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК нан 1942 жылы тамыз айында шақырылып, соғыста 570-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1942 жылдың аяғында Сталинград қаласы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Аудан мекемелерінде қызмет істеп, қайтыс болған. Жауынгерлік үш медальмен марапатталған.


Амангельдинский район




Көшмағанбетов Әуезхан

       1923 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Сарысу ауылында туған. Торғай әскери комиссариаты армия қатарына шақырып, 1942 жылдың маусымында Сталинград майданына қатысқан. Алғаш сол Сталинград түбінде жараланған. 1943 жылы сәуірде Украин майданына жіберіліп, екінші рет қолынан жарақат алған. 1944 жылдың басында елге келген. Әуелі «Қызыл Жұлдыз» ұжымшарында, кейін «Албарбөгет» кеңшарында шопан болды. Қойды қыста төлдетудің аудан бойынша шебері болды. «Еңбек ардагері» медалінің иесі. Соғысқа қатынасушы ретінде Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің атаулы жылдарының медаль-белгілермен марапатталған. Сондай-ақ Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалін, І дәрежелі Отан соғысы орденін алды. Зайыбы Сақып екеуі 4 бала өсірді, олардан 18 немересі бар. Қазір өзінің туған ауылы Сарсуда тұрып жатыр.


Джангельдинский район




Кабалаков Мухаммед Ибраевич

       Родился в 1926 году в п.Тимирязево Урицкого, ныне Сарыкольского района Костанайской области. Воевал в составе 47 стрелкового полка 15 стрелковой дивизии. В мае 1945 года демобилизовался и вернулся домой. Награжден боевыми и юбилейными медалями.


Сарыкольский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика