![]() Қабақов Айтмұқан 1920 жылы Дәмді ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Аманкелді әскери комиссариатынан майданға аттанған. Бұл кісі Сталинград майданының жауынгері болған.1946 жылы елге жеңіспен оралады. Елге келген соң, малшы болып жұмыс істейді. 1980 жылы құрметті зейнеткерлікке шықты. Соғыстағы ерлігі мен бейбіт күндегі еңбегі еленіп, Отан соғысы орденімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен және мерекелік медальмен марапатталды. Жұбайы Бақтыбикемен 7 бала тәрбиелеп өсірген. Бақтыбике әже немере, шөберелерінің қызығын көрген жан. Қабақов Айтмұқан 1990 жылы қантар айында қайтыс болды. Наурзумский район |
![]() Қабылов Сүлеймен 1922 жылы Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың шілде айында армия қатарына шақырылды. 125-ші атқыштар полктің қатарында Смоленск үшін, Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысады. Соғыстан 1942 жылдың аяғында оң аяғынан ауыр жараланып, елге оралады. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін І дәрежелі, Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үішн» медалімен және Жеңістің мерекелік бес медалімен, сондай-ақ Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен марапатталған. Балаларының ортасында 2000 жылдың 9 қазанында дүниеден озды. Джангельдинский район |
![]() Қаймолдин Күрдей 1918 жылы мамырдын 5-де қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, соғыста 48 арт. полкте зеңбірек көздеушісі болған. 1943 жылы Смоленск облысы, Брытова деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Колхоз, совхоздарда жұмыс істеп қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Қайралапов Абдухамит 1915 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1943 жылы Қостанай ҚӘК-нан әскерге алынып, 18 және 676 АП қатардағы жауынгер болып соғысқа қатынасқан. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, көлік жүргізуші болып, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Қайралапов Сәмен Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста Ленинград майданында 146 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен және «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, аудан шаруашылықтарында жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Қалашов Жұмағали 1914 жылы Торғай уезінің қазіргі Шеген аулында өмірге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанда Торғайда 9 сынып бітіріп, өз ауылында бастауыш мектеп мұғалімі боп істеген. 1942 жылы армияға алынып, Шұбаркөлде дайындықтан өтіп, Сталинград майданында ұрыстарға қатысқан. Солтүстік Кавказ аумағында арқасынан жараланып, 1944 жылы елге қайтарылған. 1946 жылы үйленген, жұбайы Зияда Шаяхметқызы екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді, 11 немерелері бар. Әуелі Алғабас бастауыш мектебінде, кейін Шұбаланда мектеп меңгерушісі боп істеді. Сырттай оқып Мендіқара педучилищесін бітірген еді. 1972 жылы дүниеден өткенге дейін туған ауылы - «Торғай» кеңшарында ұстаздық етті. Отан соғысына қатынасушы ретінде Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің айтулы жылдарында мерекелік медаль-белгілермен атап өтілді. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» мерекелік медалімен марапатталған. Джангельдинский район |
![]() Қалиев Жұмағазы Қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Ақшығанақ ауылында 1923 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Торғай әскери комиссариаты 1942 жылы 15 наурызда әскерге шақырған. Шұбаркөлде дайындықтан өткен соң, Сталинград шайқасына қатынасады, 88 атқыштар полкінде жаумен ұрыста болады. 1943 жылы 14 қазанда жараланып, госпитальға түседі. Ұрыс қимылдарына қатыса алмайтын болған соң, елге қайтарылған. Онда ұжымшарда мал бағады. 1944 жылы қарашада шаңырақ көтереді. Сол жылдан бастап ұжымшар, кеңшарда жылқы бағып, 1979 жылы зейнеткерлікке шығады. Бүгінгі таңда 5 бала, 8 немере, 1 шөбере көріп отыр. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің айтулы күндерінде мерекелік медаль-белгілерімен марапатталған. Бұл күнде Арқалық қаласында тұрады. Джангельдинский район |
![]() Қалиев Жұмағазы 1923 жылы Қостанай облысы, Жангельдин ауданы, Тосын ауылында туды. Әскерге 1942 жылы Жангельдин аудандық комиссариаты арқылы алынып, Сталинград майданында, 88-атқыштар полкінде снайпер болды. 1943 жылы ауыр жараланып, елге оралды. Жангельдин ауданының «Ақшығанақ» колхозы, кейін ХХІ партъезд совхозында аға жылқышы болып істеді. 1986 жылы зейнеткерлікке шықты. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және 11 мерекелік медальдармен марапатталған. Қазір Арқалық қаласы, Родина елді мекенінде тұрады. Джангельдинский район |
![]() Қалиев Жұмабай Қалиұлы 1910 жылы 14 ақпанда Қостанай облысы, Аманкелдi ауданындағы Бейнетқорқ ауылында дүниеге келген. Мереке ауылында «Егiнбұлақ» колхозында бригадир болған. 1941 жылы мамыр айында соғысқа аттанды. 1943 жылы қабырғасына оқ тиiп, госпитальда 9 ай емделiп жатқан. Жазылған соң, қайта майдан шебіне аттанды. Соғыстан 1945 жылы жеңiспен келген. Смоленск, Харьков, Воронеж қалаларын азат етуге қатысқан, Балтық теңiзiнде соғысты аяқтаған. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлік еңбегі үшін» медальдарымен және мерекелік медальдармен марапатталған. Елге оралған соң колхозда бригадир болып қызмет атқарған. Жұбайы Нұрмағанбетқызы Сақи екеуi отбасылы болып, 4 ұл 2 қыз тәрбиелеп өсiрген. 1983 жылы 23 қарашада дүнеден өттi. Наурзумский район |
![]() Қалиев Жалкен (Жармұхамбет) 1900 жылы Қарақоға болысында өмірге келген. Торғайда Ы.Алтынсарин ашқан 2 сыныпты орыс-қазақ мектебін бітірген. Кейін Орынборда рабфакта оқып, бірақ тұрмыс жағдайымен аяқтай алмаған. Көп жылдары Жітіқарада, «Құмақ» алтын кенінде жұмыс істеген. Әскерге 1941 жылы алынып, соғыстың соқпақ жолдарымен Берлинге дейін барған. Елге келген соң өмірден өткенше (1954 жылы) Жангелдин атындағы ұжымшарда шопан боп еңбек етті. Ол кісінің 2 баласынан тараған ұрпақтары Арқалық, Торғай қалаларында тұрып жатыр. Джангельдинский район |