![]() Ещпанов Болебай Родился в 1915 году. Призван в 1940 году Семиозерным РВК. Участвовал в боях в составе 3/337 армейского артполка. С 19. 07. 1942 года проходил лечение в эвакуационном госпитале № 2468. Демобилизован 09. 10. 1942 года. Аулиекольский район |
![]() Жүзжасаров Әбсамат Әлмағанбетұлы 1905 жылы бұрынғы Қайдауыл болысы, Бектұр қопасының жағасында дүниеге келген. Елде 1928 жылы аштық жайлаған кезде ағайындарымен, әке-шешесімен Шымкент облысы Пахта-Арал ауданының Маяк колхозына барып орналасады. 1939 жылы маусым айының аяғында Пахта-Арал әскери комиссариатынан Қызыл Армияның қатарына алынады, 36 атқыштар полкінде өзінің әскери міндетін өтеуге кіріседі. 1939 жылы финндермен соғыс басталып, сол соғысқа қатынасады. 1941 жылы неміс басқыншыларымен Сталинград майданында соғысады. Кескілескен ұрыста жараланып, Саратов қаласындағы госпитальда емделеді. Жазылып шыққаннан кейін, 1943 жылы 339-шы дивизияның құрамында Донбасс, Мелитополь, Севастополь, Украина, Польша жеріндегі ұрыстарға қатысқан. Осы ұрыстарда жарақат алып, украинаның госпитальінде емделген. Шыққаннан кейін 1945 жылы наурыз айында атқыштар полкіне қосылады. Соғысты 1945 жылы 9 майда Германия жерінде аяқтады. Елге ораламыз деп жүргенде дивизияны Жапон соғысына апарып салды. Бұл соғыстан да аман қалды. «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» және «Жапонияны жеңгені үшін», т.б. медальдармен марапатталған. Армия қатарынан 1946 жылдың күзінде босап, жанұясына қосылады. 1961 жылы ағайындары туған жерді аңсап және сол жылдары Пахта-Арал ауданы Өзбекстанға қосылғаннан кейін Қазақстанға кетеміз деп, Қостанай облысы Аманкелді ауданы жаңадан ашылған «Родник» совхозының Бисары бөлімшесіне көшіп келді. Сонда қойшы болып жұмыс істеп совхоздың алдындағы қатарлы шопаны болды. Зейнеткерлікке шықсада шопандық жұмысты тастаған жоқ. Жұмыс істеп жүріп ауырып 1968 жылы дүниеден өтті. Артында екі ұлы, жеті немересі бар. Амангельдинский район |
![]() Жүкенов Темірбек Бектемісұлы 8 қыркүйек айында 1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 511-ші АП құрамында Ленинград майданында соғысқан. Әскери атағы старшина. 1946 жылы әскер қатарынан босаған. Амангельдинский район |
![]() Жүніс Мағауия Жүнісұлы Род. в 1919г. в а. Адильбай Мендыгаринского р-на Кустанайской обл.. В армию призван Мендыгаринским РВК. Годы службы:1942-1945гг. Работал техником цеха №3 66 военного завода, в составе 776 С б-на. Образование – высшее, окончил Московский историко-архивный институт, ВПШ ЦК КПСС. После демобилизации работал в советских органах области и города. Награжден орденом «Знак Почета», медалями: «За победу над Германией», «За доблестный труд», «За освоение целинных земель», «Ветеран труда», Большая серебряная медаль ВДНХ, юбилейными. Почетный гражданин г. Костаная, имеет грамоты и почетные звания. Избирался депутатом Кустанайского гор. Совета народных депутатов более 30 лет. г.Костанай |
![]() Жүнісов Сұлтан 1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Сартал елді мекенінде туған. 06.1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 28 АД, 235 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 08.1943 жылы Калинин облысының Моковейцова деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Аманкелді ауданы орталығындағы 1 май МТС-де көп жыл жұмыс істеген. 1963 жылдан зейнеткерлікке шыққанша «Родник» совхозында бас инженер, МТМ-де меңгерушісі болып жұмыс істеді. Жауынгерлік ерлігі үшін Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Жанұясында ұл, қыздары мен немерелері бар. 1989 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Жүсібеков Қалдый 1925 жылы Аманкелді ауданы, Құмкешу ауылында туған. Әскерге 10.1943 жылы Торғай АӘК-нан алынып, соғыста 1269 СП құрамында қатардағы жауынгер болған. 05.1945 жылы әскерден босап елге келген соң, зоотехник, бөлімше меңгерушісі болып совхоздарда жұмыс істеп, қайтыс болған. Жауынгерлік бес медальмен марапатталған. Амангельдинский район |
![]() Жүсіпов Зейнолла 1926 жылы 10 ақпан айында Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Еңбекші ауылдық Кеңесінің Молотов атындағы колхозында дүниеге келген. 1944 жылы 18 қарашада әскер қатарына шақырылды. Әскери дайындықтан кейін екінші Украина майданына жіберіледі, 298-ші жаяу атқыштар полкінің құрамында болып, Одер өзенінен өтердегі кескілескен ұрысқа қатысады. Жеңісті Балтық жағалауын жаудан тазартуда қарсы алып, Германия жерінде 1947 жылға дейін болған, Өзбекстанның Әндіжан қаласына келіп, әскери қызметін жалғастырған. Әскер қатарынан 1948 жылы босап елге келген. Келісімен үйленіп, ауылшаруашлығы саласында жұмыстар атқарған. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен және алты мерекелік медальдармен марапатталған. Қазір жұбайы Жамиля екеуі 3 бала тәрбиелеп, олардан немере сүйіп отыр. Амангельдинский район |
![]() Жұмағұлов Өміртай 1914 жылы бұрынғы Қайдауыл болысы, қазіргі Аманкелді ауданы «Ағашты көл» ауылында туған. Колхозда жұмыс істеп, 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 916 АП, 247 АД құрамында қатардағы жауынгер болған. Ленинград майданындағы ұрыстарға қатысқан. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Праганы азат еткені үшін» медалімен марапатталған. 1998 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Жұмабаев Амангелді 1917 жылы Ақкөлде туған. 1942 жылы ақпанда әскерге алынған. Майдан даласында қолынан ауыр жарақат алып, 1944 жылы елге оралған. Бейбіт өмірде салық агенті, байланыс бөлімшесінің бастығы, сондай-ақ ферма меңгерушісі жұмыстарын атқарған. Кеңшарда бақташы боп та жұмыс істеген. Кейін 22 жыл кеңшарда құрылыс материалдары қоймасының меңгерушісі болған. Соғысқа қатысушы ретінде мерекелік марапаттардың бәріне ие болды. Қазіргі күнде туған аулында балаларымен бірге тұрып жатыр. Елге сыйлы, өнегелі қартымыздың бірі. Джангельдинский район |
![]() Жұмабеков Шалабай 1921 жылы Аманкелді ауданында туған. 1940 жылы желтоқсан айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 56-ші мотоАБ қызмет еткен. Соғыста Венгрия жерінде жараланып, 1944 жылы елге оралған. Көп жылдары еңбек еткен, 1997 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |