Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'Р' было найдено совпадений: 18302


Жүнiсов Мұхтар

       1920 жылы туған. Әскер қатарына 1940 жылы 19 қазанда Семиозер әскери комиссариатынан шақыртылады. Соғысқа бiрiншi кұндерiнен бастап қатысқан. Соғыстан кейiн елге, отбасына оралған. «Соснов» совхозында бiраз жылдар шаруашылықтың әр саласында аянбай еңбек еткен, зейнеткерлiк демалысқа шыққан. Соғыс жылдарында бiрнеше орден-медальдармен марапатталған.


Наурзумский район




Жүнісов Қайырбек

       1900 жылы Торғайдың Сазанбай қоныс орнында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Серіктестікте, ұжымшарда әр түрлі жұмыстар істеді. Әскерге 1942 жылы шақырылған. Сталинград майданындағы ұрыстарға қатысушы. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келген соң, байырғы кәсібі – шопан боп еңбек етті: әуелі Ленин атындағы ұжымшарда, кейін «Южный» кеңшарында. 1971 жылы өзінің туған ауылында дүниеден өтті. 3 ұл, 3 қыздан біраз немере, шөберелері бар.


Джангельдинский район




Жүнісов Боранбай

       1912 жылы Торғайдың Қошалақ құмында туған. Соғысқа дейін Шиелі, Бестау өңірінде малшы болған, әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда. 1942 жылы әскерге алынып, көп ұзамай-ақ жараланып елге қайтарылған. Соғыстан оралғаннан 1956 жылға дейін «Аққұдық» ұжымшарында жұмыс істеді. 1957 жылдан бастап «Бестау», «Шиелі», «Речной» кеңшарларында шопан болып жұмыс істеген. 1972 жылы зейнеткерлікке шықты. Соғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. 1981 жылы өзінің туған жері Тұзда қайтыс болды. Екі ұл, төрт қыздан тараған ұрпақтары өмірдің әр саласында еңбек етуде.


Джангельдинский район




Жүрімбаев Қасқырбай

       1902 жылы Науырзым ауылында туып, тәрбиеленген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, бір қолынан жарақат алып, соғыстың аяғына дейін бола алмаған. Ұлы Отан соғысының мерей тойларына арналған медальдары бар. Науырзым ауданында ферма басшысы болған, зейнетке шыққаннан кейін шопандық кәсіппен айналысқан. Қасқырбай атамыздан 3 бала, 25 немере бар. 1987 жылы қайтыс болды.


Наурзумский район




Жүсіпбеков Құрманбай

       1909 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында дүниеге келген. Колхозда әртүрлі жұмыстарда болды. 1942 жылдың тамыз айында әскерге алынған. Кіші командирлер дайындайтын курсты бітіріп, сол жылдың желтоқсан айында соғысқа кірген. Югославия жерінде көптеген елді мекендерді жаудан азат етуге қатынасқан. Ауыр жараланып, елге оралған. Өзінің туған жері Қайындыда көп жылдар бригадир, экспедитор болып жұмыс атқарып, 1968 жылдан зейнеткерлікте. Наградалары: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және 4 мерекелік медальдары бар. Жұбайы Жүсіпбекова Балбөпе екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген. 1983 жылы қайтыс болған.


Наурзумский район




Жүсіпбеков Арғынғазы

       1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 01.1943 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 166 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскер қатарынан 1945 жылы мамырда босап елге келген соң, көп жыл бойы мал бордақылау ұжымында жұмыс істеген. Жауынгерлік үш медальмен марапатталған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жүсіпов Асқар

       1917 жылы қазіргі Науырзым ауданында туған. 1939 жылы тарихқа Финн соғысы деген атпен белгілі болған, әскери қарулы қақтығысқа қатысады. Кейін Ленинград маңындағы Гатчино әскери ұшқыштар дайындайтын оқу орнын тәмамдаған жылы Ұлы Отан соғысы басталған еді. Майданға 1941 жылы 618 авиаполктің құрамында Сталинград қаласының түбінде кіріскен. Бұл кісінің соғыстағы ерлігін Үкіметтен алған наградаларының өзі айғақтап тұр. Олар Қызыл Жұлдыз ордені, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Кавказды қорғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдар. Елге 1946 жылы қырқүйек айында оралып, 30 жылдан астам Науырзым аэропортында қызмет атқарған, 1977 жылы құрметті демалысқа шыққан. 1946 жылы үйленіп бес бала, он екі немере сүйіп, 1996 жылы алтын тойларын өткізген. 2003 жылы желтоқсан айында дүниеден өтті.


Наурзумский район




Жүсіпов Аяпберген

       1904 қазіргі Қостанай облысы, Жанглдин ауданы, Аманкелді ауылдық кеңесіне қарасты Тамқамыс елді-мекенінде туған. Жастай әке-шешесінен айырылып, кісі қолында жүрген. Серіктік, ұжымшар жұмысына ерте араласқан. Дайындау пунктінде де қой баққан. 1937 жылдан 1942 жылға дейін Тамқамыс ұжымшарында еңбек еткен. 1942 жылдың басында Отанын қорғау үшін майданға аттанды. Челябінің Шұбаркөлінде дайындықтан өтеді. Ол Сталинград майданында соғысты. Соғыс жылдары басынан, жамбасынан жараланды. 1945 жылы соғыстан оралғаннан кейін 1950 жылға дейін Тамқамыста, кейін іріленген Сталин атындағы ұжымшарда жұмыс істеді. 1960 жылы кеңшар құрылған кезінде Қарақұдық бөлімшесінде 1965 жылға дейін шопан болды, зейнеткерлікке шықты. 1980 жылдың қыркүйек айында қайтыс болды. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында медаль, белгілермен марапатталды.


Джангельдинский район




Жұмағұлов Өміртай

       1914 жылы бұрынғы Қайдауыл болысы, қазіргі Аманкелді ауданы «Ағашты көл» ауылында туған. Колхозда жұмыс істеп, 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 916 АП, 247 АД құрамында қатардағы жауынгер болған. Ленинград майданындағы ұрыстарға қатысқан. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Праганы азат еткені үшін» медалімен марапатталған. 1998 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жұманов Асқар

       1918 жылдың 10 наурызында бұрынғы Қараторғай болысы, қазіргі Аманкелді ауданының №4 Еңбекші ауылдық кеңесіндегі ауылда туған. Аудан орталығындағы жеті жылдық мектепті бітіріп, 1934-1935 жылдары Қостанай қаласынан мұғалімдер дайындайтын училищесінде оқыған. «Жасбуын» бастауыш мектебінде 1939 жылға дейін бала оқытады. 1939 жылы желтоқсан айында әскер қатарына алынып, Орлов қаласындағы әскери округте 149 АД-ның 744 АП құрамында орудие командиріне тағайындалады. Әскери атағы сержант. 1.06.1941-1.01.1942 жылы Брянск қаласындағы саяси қызметкерлер дайындайтын училищеде оқиды. 1942-1943 жылдың тамыз айына дейін Калининград майданында 758 АП-да политрук, 02.1944 жылдың қазан айына дейін І Украина майданында 378 жеке жойғыш танк дивизион командирі, 08.1944 жылы – 06.1945 жылға дейін Украинаның Селебур қаласындағы 116 АД-ның 357 жеке танкіге қарсы жойғыш полкта батарея командирі болған. Әскер қатарынан 06.1946 жылы босап елге келген. Әскери шені капитан. 1946-1947 жылдары Аманкелді орта мектебінде оқытушы, аудандық партия комитетінде парткабинет меңгерушісі, әскери бөлім, ауылшаруашылығы бөлімдерін басқарған. 1951-1953 жылдары Алматыдағы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1953-1957 жылы Бөрлі ЛПС-де саяси жетекші. 1957-1960 жылдары Қарабалық ауданының Боскөл совхозында партком хатшысы, 1961-1966 жылдары Аманкелді ауданында «Қазақстанның 40 жылдығы», «Бүйректал» совхоздарында бастауыш партия ұйым хатшысы болған. Одан кейін Аманкелді орта мектебінің директоры, аудандық атқару комитетінде төраға орынбасары, аудандық жинақ банкасы, ПМК-1503 мекемесінде инженер болған. 1986 жылы зейнеткерлікке шығып, аудан ардагерлер кеңесін басқарған. «Құрмет белгісі», ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, 7 жауынгерлік медальдармен марапатталған. Жанұясында 8 ұл-қыз, 27 немере, 10 шөбересі бар. Қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика