![]() Жұмекенов Ерғали Қостанай облысы, Федоров ауданында 1923 жылдың 14-ші қыркүйегінде туған. Әке-шешесінен жастай жетім қалып, інісі Бірғали екеуі Қостанай қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленіп, бастауыш білім алған. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Челябі облысына қарасты Шұбаркөл қаласында үш айдай әскери дайындықтан өтіп, осы жылдың тамыз айында 74-ші атқыштар полкінің құрамында Батыс Украинаның Староконстантинов, Проскуров, Житомир, Львов қалаларын азат ету ұрыстарына қатынасады. 1943 жылдың басында Венгрия жерінде соғысады. 1944 жылы Карпат тауында шиленіскен қатты ұрыс болып, сонда жараланып госпитальда емделеді. 1944 жылдың 23 тамыз айында елге оралады. Федоров ауданында жұмыс істеп, кейін Аманкелді ауданына көшіп келеді. Өмірінің соңына дейін шаштараз болып қызмет істеді. Осы жұмыстан зейнеткерлікке шығады. Артында 7 ұл, 3 қыз және бірнеше немере-шөберелері бар. Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлік ерліктері бағаланып, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Будапешті алғаны үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдармен марапатталған. Амангельдинский район |
![]() Жәмалиев Әбдірахман 1914 жылы Торғай уезінің №13 ауылында туған. Соғысқа дейін серіктестіктерде, ұжымшарда еңбек еткен, Орынбор жағында байланыс мекемесінде жұмыс істеген. 1937-1940 жылдары армия қатарында болған. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың шілде айында Чкалов облысы, Домбаров ауданынан шақырылған. Брянск, Ленинград, Карельск, 1-Белорус майдандарында шайқастарға қатынасты. 1945 жылдың тамыз, қыркүйек айларында Забайкалье майданында, жапон агрессорларын талқандауға қатынасты. Совет Армиясы қатарынан 1946 жылы, аға сержант шенінде запасқа жіберілді. Соғыс уақытында бөлімше командирі, байланыс взводы командирінің көмекшісі, телефон станциясының бастығы міндеттерін атқарды. Соғыс уақытында «Кеңестік Запольярені қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен, кейін Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында тиісінше марапатталды. Соғыстан кейін туған еліне келіп, бейбіт еңбекке араласады. Зейнеткерлікке Торғай селосындағы кәсіптік-техникалық училищеде ағаш шебері болып істеп жүріп шығады. Бейбіт уақытында ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медалімен атап өтілді. 1999 жылы наурыз айында, 85 жасында дүниеден өтті. Артында 4 баласы, 18 немересі, 7 шөбересі бар. Джангельдинский район |
![]() Жақанов Жолмырза 1924 жылы 24 мамырда туған. 1940 жылы ұстаздық жолын бастағанда, Жолмырза Жақанов небәрі он алты жаста екен. Балаң жастың алға қойған зор мақсаты бар еді. Ұлы Отан соғысы басталды да барлық мүддені бір ғана мақсатқа-елді жаудан қорғауға арнауға тура келді. 1942-1945 жылдар аралығында соғыста болған. Соғыстан аман-есен оралғаннан кейін, ұстаздық еңбегін жалғастырды. Кейіннен Меңдіқара педагогика училищесін бітірді. Содан кейін Сұлукөл орта мектебінде 41 жыл еңбек еткен. Жұбайы Жұмабике екеуі жеті бала тәрбиелеп өсірген бақытты ата-ана. Балаларының бәрі де өмірден өз жолын тауып, ел игілігі үшін еңбек етіп жүр. Наурзумский район |
![]() Жақин Рахмет 1903 жылы Ақмырза қоныс орнында туған. Әуелі серіктестіктерде, кейін ұжымшарда еңбек етті. Әскерге 1941 жылы күзде шақырылды. Бірінші Белорусь майданында жаумен соғысқа қатынасты, екі рет жарақат алған. 1945 жылы елге оралып, әр түрлі жұмыстар атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде мерекелік белгі-медальдармен марапатталды. 1985 жылы өз ауылы – Қаламқарасуда дүниеден өтті. Ұрпақтары сонда тұрып жатыр. Еңбекқор, елге сыйлы ақсақал болатын. Джангельдинский район |
![]() Жақсымбетов Сабыржан 1915 жылы Торғай уезінің №9 ауылында туған. 1941 жылдың қыркүйек айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, Шұбаркөл қаласындағы әскери дайындықтан өткеннен кейін 24 гв. АП құрамында қатардағы жауынгер болып, Белоруссия майданында жаумен соғысқан. 1944 жылдың желтоқсан айында жараланып, Ташкент қаласында госпитальда емделіп, бір аяғынан мүгедек болып елге оралған. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Елге оралған соң, Аманкелді ауданындағы Қызыл Әскер, Жаңа тұрмыс колхоздарында бригадир, кейін аудан мекемелерінде әр-түрлі жұмыстар істеген. Жанұясында 3 ұл, 4 қызы және немерелері бар. 7 сәуір 1993 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Жақыпов Бақыткерей 1916 жылы қазіргі Аманкелді ауданына қарасты Сарыторғай деген жерде туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 715 АП құрамында қатардағы жауынгер болып І Украина майданында соғысқа қатынасқан. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Киевті қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және соғыстан кейінгі жеңістің төтр мерекелік медалімен марапатталған. Әскер қатарынан босап келген соң, осы ауданның «Сарыторғай» совхозында жүргізуші болып жұмыс істеген. 1995 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Жаңғабылов Жапар 1924 жылы 13 қарашада Торғайда туған. 1942 жылы Торғай әскери комиссариаты армия қатарына шақырған. 298 атқыштар полкінің 26-169 әскери бөлімінде ұрыстарға қатысқан. «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдармен марапатталған. Елге 1950 жылы маусым айында оралған. Отан соғысының қатысушысы ретінде Жеңістің, сондай-ақ ССРО Қарулы Күштерінің айтулы жылдарында мерекелік медальдармен марапатталған. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен атап өтілген. Әскерден келгеннен бастап аудандық байланыс мекемесінде кассир-оператор болып істеді. «Еңбек ардагері» медалінің иесі. 1954 жылы Сұлтанханова Сәбиламен үйленіп, 9 бала өсірді, 15 немересі бар. 1987 жылы еңбек демалысына шықты. Соғыс және еңбек ардагері дүниеден өтті. Ұжымына, өзін білетін адамдарға өте сыйлы, кішіпейіл, қамқор жан еді. Джангельдинский район |
![]() Жаңабергенов Рахан Қостанай облысы, Аманкелді ауданының 1 Май ауылдық кеңесіне қарасты Байғабыл деген жерде 1922 жылдың 5 желтоқсан айында туған. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Шұбаркөл қаласында екі айдай дайындықтан өтіп, байланысшы-радист атағын алған. Соғысқа Сталинградқа жақын жердегі Котлубань деген станцияның маңындағы №1155 атқыштар полкінің құрамында ұрысқа қатысады. Осы станцияны жаудан босатып алудағы ұрыста көрсеткен ерлігі үшін, полк командирінің қолынан «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалін алды. Кейін 409 атқыштар полкінде байланысшы болды. Белоруссия, Польша жерлерін азат етіп, Берлинге дейін барды. Елге 1950 жылы оралды. Бейбіт жылдары оқытушы ұстаз, мекеме, кәсіпорындарда кәсіподақ және кадр бөлімін басқарды. 1994 жылы қайтыс болды. Артында ұл-қыздары бар. Амангельдинский район |
![]() Жабагин Нуралы Род. в 1920г. в а. Кзыл-Калам Баян-аульского р-на Павлодарской обл.. В армию призван Фрунзенским РВК г. Алма-Аты. Годы службы:1939-1954гг. Участник боев на Юго-Западном, Сталинградском ф-х. Род войск - сухопутные. Воинское звание – ст. л-нт, командир роты. Образование – средне-специальное. После демобилизации работал учителем в общеобразовательных школах. Награжден орденами Отечественной войны 2-й ст., Красной Звезды, медалями: «За оборону Сталинграда», «За победу над Германией», юбилейными. г.Костанай |
![]() Жабаев Әмірхан 2 маусымда 1918 жылы Аманкелді ауданында туған. 1940 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 58 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1942 жылдың қазан айында Смоленск облысының Духовщинск ауданы үшін болған ұрыста жараланып, елге ІІ топтағы соғыс мүгедегі болып оралған. Еңбекке араласқан. 1994 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |