![]() Қалиев Мұса 1907 жылы Торғайдың Ақкөл аумағында туған. САУЖОЙда және ауыл молдасынан сауатын ашқан. 1941 жылы әскерге алынған. Белоруссия жерінде ұрыстарға қатнасқан. Соғысты Приморье өлкесінде жапондарға қарсы ұрыста жүріп аяқтады. Елге 1946 жылдың басында оралды. Көп жылдар бойы бірыңғай шопан боп істеді. Бейбіт уақытта үздік еңбегі үшін талай марапатқа ие болды. Соғысқа қатысушы ретінде мерекелік медаль, белгілермен атап өтілді. Өз аулында 1988 жылы дүниеден өтті. Артында қалған 2 баладан 12 немерелері бар. Джангельдинский район |
![]() Қалмағамбетов Тоқтар 1920 жылы Аманкелді ауданына қарасты Социал ауылында туған. Әке-шешеден ерте айырылды, ағайындарының ортасынд жетім өсті. 1940 жылдың тамыз айында әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысына қатысты, 24 теміржол полкі құрамында майданның алғы шебінде жаумен талай айқастарда болып, ерлік көрсетті. Германияны жеңгеннен кейін, милитаристік Жапониямен болған соғысқа қатысып, 1948 жылдың 24 наурызында елге оралды. Өмірінің біраз жылдары бойы қалалық сауда-тамақтандыру мекемесінде жүк тасушы болды. Отбасылы, екі бала тәрбиелеп өсірді – Фарит пен Фариданы. Соғыстағы ерлігі үшін Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 84 жасына қараған шағында дүниеден өтті, Қостанайда жерленді. Амангельдинский район |
![]() Қалмағанбетов Жағыпар 1924 жылдың 1 сәуірінде Аманкелді ауданы Жаңа ауыл ауылдық кеңесінде туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 331 АД, 1229 АП қатарында бөлімше командирі болған. ІІ Украина майданында соғысып, Венгрия, Польшаны азат ету ұрыстарына қатынасқан. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» және 8 мерекелік медальдармен марапатталған. 1944 жылы жараланып елге оралған. Елге келген соң, аудан мекемелерінде басшы қызметтерде істеген. 2006 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Қалмурзин Әлмұхан 1920 жылы Аманкелді ауданы, Жаңа ауыл ауылдық кеңесінің Үрпек ауылында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 92 АД, 10 дербес АБ құрамында соғысқан. 1944 жылы жараланып, әскер қатарынан босаған. Елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанша мектепте ұстаз болған. 1997 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Қамитбеков Ғалым Торғай өңірінің Аменгелді ауданына қарасты шалғайда жатқан Мұқыр ауылында 1922 жылдың 1 тамызында тұған. Өсе келе, ауыл мектебінің табалдырығынан аттап, сегізінші сыныпты бітірді. Осылай қалыптасып келе жатқан бейбіт өмірді қиыр батыстағы бұрқ ете қалған соғытың жалыны шарпып өтті. Жасы 19-ға енді толған ол, өзімен тетелес жастармен бірге армия қатарына алынды. Сегіз айлық әскери дайындықтан өттіп, Украина жеріндегі қиян-кескі ұрысқа қатысады. Соғыста екі жылдай болады. Курскі түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, госпитальге түседі, есінен айырылып ұзақ жатады. Бірнеше ай емделіп, екінші топтағы мүгедектігін алып, еліне қайтады. Соғыстан кейінгі өмірі оқу-ағарту саласымен тығыз байланысты болды. Мендіқара қазақ педагогикалық училищесіне 1947 жылы түсіп, төрт жылдан кейін толық курсын бітіріп шықты. Кейін Ақтобедегі мұғалімдер институтында сырттай оқыды. Өз мамандығымен 40 жыл жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Бұл күндері Ғалым ағай мен сүйікті жары Нұржамал апай жеті бала тәрбелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, немерелі-шөберелі болған бақытты жанұяның абзал жандары. Костанайский район |
![]() Қамитбеков Ғалым 1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданының Қайғы ауылында туған. Әскерге 1942 жылы ақпанда Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 520-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік төрт медальмен марапатталған. Әскерден келген соң, «Степняк» совхозында жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Қанафин Сейтқасым 1922 жылы Аманкелді ауданы, Қабырға деген жерде туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1942 жылы ақпан айында шақырылып, соғыста 525 АП құрамында қатардағы жауынгер болған.Әскер қатарынан 1945 жылдың мамыр айында босаған, Крупская атындағы совхозда шопан болып жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Қарымсақов Сапан Әбілдәұлы 1917 жылы 23 ақпанда қазіргі Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Дана-Бике ауылында дүниеге келген. Еңбек жолы Семиозер ауданының Үш-Қарасу ауылында ветфельдшер болып қызмет атқарумен басталды. Әскерге 1939 жылы қараша айында алынып, 517 кавалерия полкына түседі. Онда 1942 жылдың қазан айына дейін болады. Одан 116 автохим полкында 1943 жылдың қараша айына дейін бөлімше командирі болады. 547 батальонында 1946 жылдың мамыр айына дейін аэродром көмекшісі болады. 1946 жылдың қыркүйегіне дейін 1939 автохим полкында бөлімше командирі болады. Соғыстағы ерлік істері үшін Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да 10 мерекелік медалдарымен марапатталған. 1946 жылы елге оралған соң Семиозер ауданы, Диев совхозы, Үш-Қарасу аулында ветфельдшер болып жүмыс атқарды, одан Шолаққопа ауылында 1963 жылға дейін жылқышы болды. 1963 жылы Көктал совхозында жүмыс атқарып, елге адал еңбегін сіңірген. Жұбайы Жақсылық екеуі 2 бала өсіріп, 9 немере, 3 шөбере сүйіп, қызығын көрген бақытты ата-ана. Сапан Әбілдәұлы Жамбыл селолық аймағындағы қорымға 1988 жылы жерленді. Наурзумский район |
![]() Қасымжанов Ахмедияр 1913 жылы бұрынғы Қайдауыл болысы, қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1943 жылы қыркүйек айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 384 АП құрамында қызмет еткен. Соғыста Ленинград майданында болған. 1944 жылы желтоқсан айында жараланып, елге оралған. Жауынгерлік «Ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» және жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Ауданда көп жыл жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Қасымов Әуезхан 1906 жылы бұрынғы Қайдауыл болысы, қазіргі Аманкелді ауданы, Жаңаауыл ауылдық кеңесінде туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып 342 АП құрамында орталық Украйна майданында соғысқан. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Киевті қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін осы ауданның А.Иманов атындағы совхозда жұмыс істеген. 1991 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |