Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'Р' было найдено совпадений: 18302


Штаньковский Константин Софронович

       Бывает же такое – живет среди нас человек, обыкновенный, скромный. Ничем особенным не выделяется, о себе ничего не рассказывает. И вот узнаешь, что он прошел всю войну, защищал Сталинград, сражался на Курской дуге, освобождал Венгрию, Чехословакию. Так и я совершенно случайно узнал, что мой сосед Штаньковский Константин Софронович был участником Великой Отечественной войны. …27 армия, в которой он служил, обороняла Полтаву, Харьков. С тяжелыми, кровопролитными боями наши войска отступали. На левом берегу Волги формировались. Армия вошла в состав Юго-Западного фронта. 24 октября 1942 года Волжская флотилия перебросила ночью 27 армию в Сталинград. Константин Софронович находился в 35 гвардейском стрелковом корпусе. Этот корпус защищал Кировский район. Вот что об этом рассказывает сам ветеран, участник боев за город на Волге. - Сталинград… в те дни здесь был настоящий ад. Немцы яростно атаковали. Буквально не было живого места, все горело. Над городом день и ночь стоял густой черный дым. Самолеты противника бомбили по восемь и более часов в сутки. Бои шли за каждый квартал, за каждую улицу, за каждый дом. На домах, на балконах, буквально везде где можно было писать, были слова: «За Волгой для нас земли нет!», «Сталинград не отдадим!», «Ни шагу назад!». 27 армия понесла большие потери, ее отвели на отдых, где вновь сформировали, и в июле 1943 года перебросили на фронт, где ей пришлось освобождать Белгород, Харьков. Константин Софронович участвовал и в Корсунь-Шевченковской операции, освобождал Кировоград, Румынию, Венгрию, Австралию, Чехословакию. Спрашиваю: что же Вам больше всего запомнилось? - Пожалуй, оборона Сталинграда и битва в Венгрии у озера Балатон. Тогда наша армия входила в состав Третьего Украинского фронта. У озера Балатон немцы сосредоточили большую группировку войск. На этом участке они хотели любой ценой сдержать наступление наших войск, втянуть их в оборонительные бои, а потом нанести контрудар. Шли очень тяжелые для нас оборонительные бои. Атаки врага были почти беспрерывными. Иногда шло более 50 танков. Врагу удалось на отдельных участках вклиниться в оборону нашего корпуса. Но большего он добиться не мог. Силы его иссякали, и через несколько дней наш фронт перешел в наступление. После этой битвы Военный совет фронта отметил лучшие соединения и части армии. Среди отмеченных был и 35-й гвардейский стрелковый корпус генерал-лейтенанта Горячева, в котором сражался Штаньковский. В победоносных боях он прошел большой боевой путь – от Сталинграда до Праги. За боевые заслуги Константин Софронович имеет награды: орден Красной Звезды, медали «За боевые заслуги», «За оборону Сталинграда», «За взятие Будапешта»… Вот и все, что я хотел рассказать о рядовом 35 гвардейского стрелкового корпуса, славном защитнике нашей Родины.


Житикаринский район




Шушаков Пётр Антонович

       Шушаков Пётр Антонович, младший сержант, воевал в 579 стрелковом полку 209 стрелковой дивизии с августа 1945 г. по сентябрь 1949 г.


Житикаринский район




Щербинин Михаил Трофимович

       Щербинин Михаил Трофимович, старший лейтенант, воевал в 310 стрелковой дивизии 60 стрелковом полку, 65 стрелковой дивизии с января 1944 г. по сентябрь 1945 г.


Житикаринский район




Ғайсин Әнуарбек

       1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданының Бүйректал ауылында туған. 1942 ж. Торғай АӘК нан әскерге шақырылып, соғыста 954 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік бес медальмен марапатталған. Әскерден 1945 жылдың мамырында босап елге келіп, жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Ғалиасқарова Майжиған Ғаллиулқызы

       Ұлы Отан соғысының ардагері. Үшінші Украин майданындағы төртінші гвардиялық полкінде, 135 атқыштар корпусында жаумен шайқасты. Бейбітшілік жылдары зейнетке шыққанша аудандық тұрмыс қызметін көрсету комбинатында химиялық тазалаушы болып жұмыс істеді. Көпжылдық еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Соғыстағы наградалары: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі және мерекелік медальдары.


Денисовский район




Ғалиев Рашид

       1923 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №4 ауылында туған. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қазан айында алынып, Ташкент қаласындағы телеграфистер дайындайтын мектепті бітіргеннен кейін, Калининград майданында 17-ші танк полкінің штабында радиобайланыс станциясында бастық болған. Осы полкте Воронеж майданы, Курск доғасы бағытындағы соғыста ерлікпен шайқасқаны үшін жауынгерлерді үкімет алғысына ұсынғанда, Р.Ғалиевке «Ерлігі үшін» медалі тапсырылып, КПСС қатарына қабылданған. 1943 жылдың шілде айында 17-ші полк І Украин майданы құрамына өтіп, 69-ші гвардиялық танк бригадасы атанады. 1 қаңтар 1944 жылы Конотоп қаласы үшін ұрыстағы ерлігіне Қызыл Жұлдыз ордені беріледі. Осы жылы танк полкі Висла өзенінен өтіп, Тернополь қаласын жаудан азат етуде көрсеткен ерлігі үшін біздің жерлесіміз 3 дәрежелі Даңқ орденімен, Потсдам бағытындағы шайқаста ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталады. 1945 жылдың 20 қаңтарында аяғынан ауыр жараланып, Куйбышев қаласындағы госпитальде жатып емделіп, соғыс мүгедегі болып елге оралады. 1946 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін есеп қызметінде көп жыл еңбек етеді. Бейбіт жылдары Отан соғысы жеңісінің мерекелік медальдарымен марапатталған.


Амангельдинский район




Құлмағанбетов Теміржан

       1919 жылы қазір Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты №2 ауылда дүниеге келген. Әке-шешесінен жастай айырылып, жақын ағайындарының қолында тәрбиеленіп, аудан орталығындағы мектепте білім алған. 1940 жылдың қаңтар айында Қызыл Армия қатарына шақырылады. І Белоруссия майданы құрамындағы 65 Армияның 190 гвардиялық полкінде жау әскермен кескілескен ұрыстарға қатынасады. Белоруссияның Погоран селосын босату ұрысында «Ерлігі үшін» медальмен марапатталған. Кейін Осовец-Книшин қаласын жаудан босатқаны үшін І дәрежелі Отан соғысы орденіне ие болды. 1943 жылдың ақпан айында немістерге қарсы шабуылда он қолын снаряд жұлып кетіпті. Госпитальда жатып, ұзақ емделіп, 1943 жылдың тамыз айында елге оралды. Ел арасында еңбектен қалмай мал бағады, көптің құрметіне бөленеді. Соғыстан кейін мерекелік медальдармен марапатталады. Артында 2 ұл, 5 қызы, немере-шөберелері бар. Зейнеткерлікке шыққанан кейін 1996 жылы 9 наурызда қайтыс болды.


Амангельдинский район




Құлмағанбетов Тойшығара

       1924 жылы Аманкелді ауданы, Құмкешу ауылында туған. 1942 жылдың шілде айында Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 109 АД, 404 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1945 жылы әскер қатарынан босаған. 1991 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Құлмурзин Ыбрай

       1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданына қарасты Үрпек ауылында туған. 04.1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 204 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскер қатарынан 05.1945 жылы босап елге келген. Жаңаауыл колхозында, «Родник», А.Иманов атындағы совхоздарда машина жүргізуші, кейін шопан болған. Жауынгерлік еңбегі үшін 5 медальмен марапатталған. Зейнеткерлікке шығып, қайтыс болған. Жанұясында ұл, қыздары мен немерелері бар.


Амангельдинский район




Құлтаев Қайырбек

       1908 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылы ақпан айында әскерге алынып, Шұбаркөл қаласындағы әскери дайындықтан өткеннен кейін, 312 АД, 1083 АП құрамында қатардағы жауынгер болып, орталық Украина майданында соғысқан. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Даңқ орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылы мамырда босап, елге келгеннен кейін аудан шаруашылықтарында жұмыс істеген. 1987 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика