![]() Ізтілеуов Борты 1904 жылы қазіргі Саға ауылында туған. Соғысқа дейін колхозда әр түрлі жұмыстар атқарған, 1942 жылы наурыз айында соғысқа алынды. Қатардағы жауынгер неміс фашистермен Украина жерінде соғыста оң жақ аяғынан жарақат алды. 1944 жылы елге оралды, іле еңбекке араласты. Колхозда, кейінен савхоз құрылғанда ағаш шебері болып жұмыс атқарды, зейнеткерлікке шыққанға дейін істеді. Зағипа Ержанқызымен отау құрады. Отбасында Бақыт, Сайран есімді балалары дүниеге келеді, немере-шөберелері бар. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында медаль, орден, кеудеге тағатын белгілерімен марапатталды. 1992 жылдын 21 желтоқсанында қайтыс болды. Джангельдинский район |
![]() Ізтілеуов Жүсіп 1917 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы мамыр айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 82 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1942 жылы қарашада жараланып, әскер қатарына жарамсыз болып, елге оралған. Колхозда жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Ізтілеуов Сарбай 1925 жылы дүниеге келген. 1943 жылы әскер қатарына алынып, сол жерден майданға аттанған. Батыс майданында, 152 атқыштар полкта взвод командирінің көмекшісі болған. Соғыстан кейін 1948 жылдың 12 наурызына дейін әскер қатарында болған. Елге оралған соң, «Бірлік» колхозында ферма меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1953 жылы Семиозер автомектебін бітіріп, Сталин атындағы колхозда (қазіргі Дәмді ауылы) жүргізуші болып көп жылдар еңбек еткен. 1962 жылдың қазан айында астық жинау науқанында егіс басында жол апатынан қайтыс болды. Майдандағы ерлігі үшін «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Наурзумский район |
![]() Кәрібаев Молдахмет 1908 жылы Торғайдың Шилі аулында туған. Сауатын САУЖОЙда ашқан. Әуелгіде серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасты. Елге оралған соң ұжымшарда, кейін кеңшарда бригадир, қатардағы жұмыскер боп еңбек етті. Соғыс ардагері ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы күндерінде әрдайым еленіп, марапатталып отырды, тиісті мерекелік медаль, белгілермен атап өтілді. Молдахмет ақсақал 1998 жылы қайтыс болды. Джангельдинский район |
![]() Кәрімбаев Сатыбалды 1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскер қатарына 1942 жылдың наурыз айында шақырылып, соғыста 913 арт. полкте зеңбірек көздеушісі болған. 1943 жылы Эстониядағы Долгая Нива деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Көкенов Құлахмет 1926 жылы Жезқазған облысында туған. Әскерге 1945 жылы қаңтар айында Аманкелді АӘК-нан шақырылған. 238 АП құрамындағы 3 мед.санбатта қызмет етіп, 1945 жылы мамыр айында әскер қатарынан босаған. Әскери атағы ефрейтор. Аманкелді аудандық мәдениет үйінде киномеханик болып жұмыс істеп зейнеткерлікке шыққан. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Жанұясында ұл-қыздары бар. Амангельдинский район |
![]() Көнкұлов Баяхмет 1916 жылдың қаңтар айында қазіргі Аманкелді ауданы Сартал ауылдық кеңесінде туған. Торғай АӘК-нан әскер қатарына 1941 жылы шақырылып, соғыста 136 сан. поезда қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1946 жылы босаған. Жұмыскер. 1987 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Көпбасов Сейілхан 1924 жылы Аманкелді ауданы, Сарыторғай деген жерде туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1941 жылы тамызда шақырылып, соғыста 142 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік сегіз медальмен марапатталған. Әскерден 1945 жылы мамырда босап, елге келіп, Сарыторғай совхозында жұмыс істеген. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Көпжанов Бәйділда 1906 жылы сәуір айында Қайдауыл болысы, Терісбұтақ өңірінде дүниеге келген. 1935-1942 жылдар аралығында қазіргі Сарыторғай ауылында мал бағып еңбек еткен. 1942 жылы әскер қатарына алынған. Сталинград түбіндегі соғысқа қатынасады. 1944 жылы ауыр жарақат алып, елге оралады. Соғыс жылдарындағы ерлігі үшін «Сталинградты қорғағаны үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. Елге оралғасын 1 дәрежедегі мүгедектікке шығады. 1955 жылға дейін еңбек жолын мал шаруашылығында өткізеді. 1991 жылы 5 қазанда ауыр науқастан қайтыс болған. Ол кісі соғысқа дейінде отбасылы болған, зайыбы Абенова Орынбасар екуінің артында 1 қыз, 3 ер баласы бар. Осылардан тараған 19 немересі мен 4 шөбересі бар. Амангельдинский район |
![]() Көшенов Далабай 1924 жылы Аманкелді ауданы, Сартал ауылдық кеңесінде туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылдың шілде айында әскер қатарына шақырылып, соғыста 38 АД, 110 гв. АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, зейнеткерлікке шыққанша қой баққан. 1995 жылы дүние салды. Амангельдинский район |