Құлыбеков Самұрат 1920 жылы Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 253 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік бес медальмен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылдың мамыр айында елге оралып, колхоз, совхоздарда жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Құлымбетов Қостемір 1916 жылы 9 мамырда қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты 2-ші ауылда дүниеге келген. Байғабыл бастауыш мектебін бітірген. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, №39 гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамындағы 41-ші жеке барлау ротасында бөлімше командирі болған. Финн соғысына қатынасады. Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап мұздай қаруланған фашист әскерінің жантүршігерлік шабуылын тойтарысқа ат салысады. Соғыста сержант, аға сержант, старшина, лейтенант шеніне дейін жоғарлайды. 1943 жылдың қаңтар айында жау шебін барлауда жүргенде жараланып, медсанбатқа түседі. Майдандағы ерліктері үшін Қызыл Жұлдыз және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Сонымен қатар соғыстан кейінгі мерекелік 8 медалі бар. Елге келген соң Жасбуын, Байғабыл, Крупская атындағы мектептерде көп жыл ұстаз болып бала оқытады. Зейнеткерлікке шыққанан кейінде қарап отырмай совхоз шаруашылығына қолқабыс тигізеді. Артында 3 ұл және қыздары мен немерелері, шөберелері бар. 1984 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
Құндызбаев Мырзағали 1905 жылы бұрынғы Қараторғай болысында туған. Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, Шұбаркөл қаласында әскери дайындықтан өткеннен кейін 453 АП құрамында ІІ Украина майданында соғысып, Венгрия, Румыния жерлерін жау әскерінен азат ету ұрыстарына қатынасқан. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Будапешті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», сонымен қатар жеңістің мерекелік үш медальдарымен марапатталған. Әскерден 1945 жылы босап елге келгеннен соң, колхоз, совхоздарда жұмыс істеген. 1987 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Құрманов Жұмат 1902 жылы 5 қаңтарда Қостанай облысы, Аманкелді ауданында туған. Бастауыш мектебін бітірген, арабша сауаты болған. 1942 жылы соғысқа аттанып, 1946 жылы аман елге оралған. Соғыста байланысшы міндетін атқарған. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңген үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейінгі жылдарда Аманкелді ауданы Жамбыл колхозында бухгалтер болды, зейнетке шыққасын Науырзым ауданы Қайғы ауылында әр-түрлі жұмыс істеген.Төрт бала, сегіз немере, алты шөбере өсірген. 1984 жылы 22 маусымда Қайғы ауылында қайтыс болды. Наурзумский район |
Құрманов Жұмаш 1917 жылы дүниеге келді. Ол өзінің еңбек жолын 1938 жылы ұстаздық етуден бастап, ұзақ жылдар жас ұрапаққа білім беру саласында жемісті еңбек етті. 1942 жылы 25 ақпанда Торғай аудандық әскери комиссариаттан соғысқа аттандырылған. 118 гвардейск атқыштар полкінде атқыш қызметін атқарған. 1943 жылы ауыр жаралы болғандықтан елге оралған. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Аманкелді аудандық комсомол комитетінің хатшысы қызметін, одан соң 1952 жылдан партия, Совет жұмыстарын атқарып, үлкен ұйымдастырушылық қабілеттін танытқан. Қайғы МТС-і бастауыш партия ұйымының хатшысы, колхоз басқармасы, 1966-1977 жылдар аралығында «Костанайский комсомолец» совхозында парткабинет меңгерушісі қызметтерін атқарып, еңбекте табандылық танытты. Үш ұл, төрт қыз өсіріп, жиырма немере, екі шөбере өрбіткен бақытты әке, бақытты ата. 1990 жылы 8 мамырда Қайғы ауылында қайтыс болды. Наурзумский район |
Құсайынов Қаралақ 1921 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесіне қарасты 8-март колхозында дүниеге келген. Соғысқа дейін жетім балалар үйінде тәрбиеленген, мектепте оқыған. Қарасу ауылдық кеңесінде хатшы болып қызмет істеген. Кейін аудандық тұтынушылар одағында товаровед болған. 1942 жылы мамыр айында әскер қатарына шақырылып, 352 атқыштар дивизиясының құрамында болады. Кейін 76-гаубицалық атқыштар полкіне жіберіледі. Осы полктің құрамында Сталинград үшін шайқасқа, Украинаны, Курск, Орел, Киев қалаларын жау әскерінен босатуға қатынасады. Харьков түбіндегі соғыста өз гаубицасымен жаудың 5 танкасын жандырып, ерлік жасады. Осы ұрыста «Ерлігі үшін» медалін алды. Курскі доғасындағы ұрыста да жау әскеріне оқ жаудырып шығынға ұшыратқаны үшін екінші рет «Ерлігі үшін» медалімен мараптталды. Әскер қатарынан 1946 жылы босап елге оралады. ІІ дәрежелі Отан соғысы, Даңқ ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және басқада жеңістен кейінгі мерекелік 10 медальдармен марапатталған. Елге келгеннен кейін өз мамандығы сауда саласында қызмет істеп, Жітіғара ауданы тұтынушылар одағы төрағасының орынбасары, Аманкелді ауданы тұтынушылар одағының орынбасары, совхоздарда жұмысшылар кооперациясының төрағасы болған. Зейнеткерлікке шыққан. Көп жылғы еңбегі бағаланып, Қазақ ССР-ы Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасын алады. 1998 жылы қайтыс болады. Артында 5 ұл, 16 немере және шөберелері бар. Амангельдинский район |
Қақанов Сәттар 1924 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Қабырға өзенінің бойында дүниеге келген. Әке-шешеден ерте айырылған ол Қостанай қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленіп, сонда білім алып, колхозда жұмыс істеді, кейін бригадир болады. Соғыс басталып, 1942 жылдың аяғында әскер қатарына алынады да Түмен қаласында жасақтанып жатқан 100 дивизияның 301 әскери әуе десанты полкінің автоматшылар бөлімшесінің командирі болып тағайындалады. 1944 жылы бұл дивизия Карелия жерінде ұрысқа кіреді. 1945 жылдың көктемінде Венгрия жерін, Австрия, Чехославакияны жаудан тазартуда талай қан-құйлы шайқастардың ортасында болады. Вена қаласын азат еткенде «Ерлігі үшін» жауынгерлік медалін алады. Одан кейін бірнеше әскери белгілерге ие болады. Майдан жолын Чехославакияда аяқтайды да 1947 жылы елге оралады. Елге келген соң Аманкелді ауданының Сартал ауылдық кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарады. Алматы қаласындағы заңгерлер дайындайтын мектепті бітіргеннен кейін Қостанай қалалық партия комитетінде нұсқаушы болады. Алматы қаласындағы Жоғарғы партия мектебін бітіреді. 1962 жылдары Камышин аудандағы «Оркаш» совхозында партия ұйымының хатшысы, Аманкелді аудандық партия комитетінде нұсқаушы, СПТУ-154-те директордың орынбасары, зейнеткерлікке шыққанша аудандық білім қоғамының бастығы болып қызмет атқарған зиялы азамат. Артында 3 ұл, 1 қызы және немере, шөберелері бар. 2000 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қабақов Қойшығара 1916 жылы 16 наурызда дүниеге келген. 1941 жылы Қаратайқызы Каримаға үйленген. Бір айдан соң соғысқа аттанған. Соғыстың бас кезінде қолына оқ тиіп, госпитальда жатып шыққан. Соғыстың аяғына дейін болып, Берлиндегі болған шайқасқа қатысқан. 1945 жылы елге оралған. Торғай облысы, Октябрь ауданының, Панфилов атындағы совхозда мал дәрігері болып біраз уақыт жұмыс істеген. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың, «Еңбек ардагері» медальдарымен және 5 мерекелік медальмен марапатталған. Жұбайы Кәримамен 9 бала сүйген: 3 ұл, 6 қыз. Немере, шөберелері бар. 1999 жылы 24 қазанда дүниеден өтті. Наурзумский район |
Қабдрашев Әбеу 1924 жылы 10 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында туған. Әскерге алынғанға дейін ауылда егіншілікпен айналысты. Әскер қатарына 1942 жылы мамыр айында шақырылған. Кеңес әскерлері құрамында Чехия, Германия жерлерін басып өткен. Әскер қатарынан 1945 жылдың жазында келген. Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде Жеңістің атаулы жылдарында, Қарулы Күштердің мерекесі кездерінде мерекелік медаль-белгілерімен атап өтілген. Сондай-ақ Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен марапатталған. Зейнетке шыққынға дейін (1984 жылы) ұзақ уақыт аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесінің жұмыскері болды. Жұбайы екеуі 2 ұл, 1 қыз өсіріп, немерелерін көріп отыр. Джангельдинский район |
Қадырбаев Қайырбек 1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Бүйректал ауылында туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылы ақпанда әскерге шақырылып, соғыста 58 автоботальонында жүргізуші жауынгер болған. 1945 жылы мамырда әскер қатарынан босап елге келіп, жұмыс істеп, қайтыс болған. Жауынгерлік алты медальмен марапатталған. Амангельдинский район |