Ғайсин Әнуарбек 1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданының Бүйректал ауылында туған. 1942 ж. Торғай АӘК нан әскерге шақырылып, соғыста 954 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік бес медальмен марапатталған. Әскерден 1945 жылдың мамырында босап елге келіп, жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Ғалиасқарова Майжиған Ғаллиулқызы Ұлы Отан соғысының ардагері. Үшінші Украин майданындағы төртінші гвардиялық полкінде, 135 атқыштар корпусында жаумен шайқасты. Бейбітшілік жылдары зейнетке шыққанша аудандық тұрмыс қызметін көрсету комбинатында химиялық тазалаушы болып жұмыс істеді. Көпжылдық еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Соғыстағы наградалары: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі және мерекелік медальдары. Денисовский район |
Ғалиев Рашид 1923 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №4 ауылында туған. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қазан айында алынып, Ташкент қаласындағы телеграфистер дайындайтын мектепті бітіргеннен кейін, Калининград майданында 17-ші танк полкінің штабында радиобайланыс станциясында бастық болған. Осы полкте Воронеж майданы, Курск доғасы бағытындағы соғыста ерлікпен шайқасқаны үшін жауынгерлерді үкімет алғысына ұсынғанда, Р.Ғалиевке «Ерлігі үшін» медалі тапсырылып, КПСС қатарына қабылданған. 1943 жылдың шілде айында 17-ші полк І Украин майданы құрамына өтіп, 69-ші гвардиялық танк бригадасы атанады. 1 қаңтар 1944 жылы Конотоп қаласы үшін ұрыстағы ерлігіне Қызыл Жұлдыз ордені беріледі. Осы жылы танк полкі Висла өзенінен өтіп, Тернополь қаласын жаудан азат етуде көрсеткен ерлігі үшін біздің жерлесіміз 3 дәрежелі Даңқ орденімен, Потсдам бағытындағы шайқаста ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталады. 1945 жылдың 20 қаңтарында аяғынан ауыр жараланып, Куйбышев қаласындағы госпитальде жатып емделіп, соғыс мүгедегі болып елге оралады. 1946 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін есеп қызметінде көп жыл еңбек етеді. Бейбіт жылдары Отан соғысы жеңісінің мерекелік медальдарымен марапатталған. Амангельдинский район |
Ғалымов Қабыкен 1910 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Шеген аулында өмірге келген. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда жұмыс істейді. 1942 жылы ақпанда әскерге алынған. Әуелі Калинин, кейін Украина майданында 11-ші кавалистер полкінің жауынгері ретінде талай шайқастарға қатынасқан. 1945 жылы қарашада елге оралған. Соғыс ардагері Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен атап өтілді, «Ерлігі үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медальдары бар. Жұбайы Жұпан кейуана екеуі Айдар атты ұл өсірді, одан 11 немере сүйді. Қабекең қарт 1998 жылы дүниеден өтті. Джангельдинский район |
Құдабаев Ахметжан 1905 жылы 9 наурызда 13 ауылда, қазіргі Дәмді ауылында дүниеге келген. Еңбекке ерте араласқан, 20-21 жас шамасында Ынталы деген жерде басқарма болып қызмет атқарған. 27 жасында үйленеді. 1942 жылы Қызыл Әскер қатарына алынып, мамыр айында соғысқа аттанады. Шайқас кезінде екі жерден жарақат алып, емделіп шығып, майданға қайта оралған. Екінші рет ауыр жарақаттанғаннан кейін госпитальға түседі. 1943 жылы комиссияның шешімі бойынша соғысқа жарамағандықтан, елге жіберіледі. Жұмысқа жарап, денсаулығы жақсарған соң, Ынталыға бригадир етіп тағайындалды. Дүкенде сатушы болып та жұмыс істеген. Еңбек Қызыл Ту орденімен, Жеңістің мерекелік медальдарымен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен марапатталған. Жұбайы Мұңсыз екеуі 9 бала тәрбиелеп өсірген. 1983 жылы наурыз айында қайтты. Наурзумский район |
Құлмағамбетов Аққали 1924 жылы Албарбөгет ауылында туған. Әскерге 1942 жылы тамызда алынған. 169 атқыштар дивизиясында бөлімше командирі болған. 1946 жылдың сәуірінде елге оралған. Соғыста «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарымен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Ұжымшарда есепші, кеңшарда бөлімше шаруашылық басқарушысы жұмыстарын істеген. Соғысқа қатынасушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілермен атап өтілді. Өзі дүниеден 1980 жылдары өтті. Ұрпақтары Қостанай, Арқалық, Торғай қалаларында өмір сүруде. Джангельдинский район |
Құлмағанбетов Қайнолла 1926 жылы ақпан айында Қостанай облысы, Торғай ауданы, Көкалат ауылында туған. Бастауышты Көкалатта бітіріп, 1935 жылы Торғайдағы Ы.Алтынсарин мектебінен 9 сыныпты аяқтаған. Соғыс жылдары Албарбөгет ауылдық кеңестің хатшылық міндетін атқарған. 1944 жылдың 25 қыркүйегінде армия қатарына шақырылып, 1950 жылдың 18 сәуіріне дейін әскерде болды. Соғыс кезінде 321 атқыштар полкі құрамында ұрыстарға қатынасты «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдармен, бейбіт уақытта Жеңістің, Қарулы Күштерінің мерекелік медаль-белгілерімен марапатталды. Елге оралған соң Жаркөлде ауылдық кеңес хатшысы, одан кейін ҚазССР-нің Қостанай облысы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде аудандық өкіл болды. Сондай-ақ аудандық мәдениет бөлімінде инспектор болды, аудандық комуналдық шаруашылық мекемесінің меңгерушісі, аудандық типографиясының директоры, 1982 жылдың наурызынан зейнеткерлікке шыққанға дейін тұтынушылар одағы дайындау мекемесінің шаруашылық жөніндегі директорлық жұмысында істеді. Жұбайы Күләш Бейсенбайқызы екеуі 3 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірді. 2004 жылы 21 тамызда 78 жасында бақиға аттанды. Джангельдинский район |
Құлмағанбетов Сұлтан 1912 жылы Аманкелді ауданы, 1Май ауылдық кеңесінде туған. Торғай АӘК-нан әскерге 1942 жылы қазан айында шақырылып, соғыста 564-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік бес медальмен марапатталған. 1945 жылы мамырда әскерден босап елге келген соң, көп жыл бойы аудандық дайындау мекемесінде агент болып жұмыс істеген. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Құлмағанбетов Теміржан 1919 жылы қазір Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты №2 ауылда дүниеге келген. Әке-шешесінен жастай айырылып, жақын ағайындарының қолында тәрбиеленіп, аудан орталығындағы мектепте білім алған. 1940 жылдың қаңтар айында Қызыл Армия қатарына шақырылады. І Белоруссия майданы құрамындағы 65 Армияның 190 гвардиялық полкінде жау әскермен кескілескен ұрыстарға қатынасады. Белоруссияның Погоран селосын босату ұрысында «Ерлігі үшін» медальмен марапатталған. Кейін Осовец-Книшин қаласын жаудан босатқаны үшін І дәрежелі Отан соғысы орденіне ие болды. 1943 жылдың ақпан айында немістерге қарсы шабуылда он қолын снаряд жұлып кетіпті. Госпитальда жатып, ұзақ емделіп, 1943 жылдың тамыз айында елге оралды. Ел арасында еңбектен қалмай мал бағады, көптің құрметіне бөленеді. Соғыстан кейін мерекелік медальдармен марапатталады. Артында 2 ұл, 5 қызы, немере-шөберелері бар. Зейнеткерлікке шыққанан кейін 1996 жылы 9 наурызда қайтыс болды. Амангельдинский район |
Құлмағанбетов Тойшығара 1924 жылы Аманкелді ауданы, Құмкешу ауылында туған. 1942 жылдың шілде айында Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 109 АД, 404 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1945 жылы әскер қатарынан босаған. 1991 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |