Құсайынов Қаралақ 1921 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесіне қарасты 8-март колхозында дүниеге келген. Соғысқа дейін жетім балалар үйінде тәрбиеленген, мектепте оқыған. Қарасу ауылдық кеңесінде хатшы болып қызмет істеген. Кейін аудандық тұтынушылар одағында товаровед болған. 1942 жылы мамыр айында әскер қатарына шақырылып, 352 атқыштар дивизиясының құрамында болады. Кейін 76-гаубицалық атқыштар полкіне жіберіледі. Осы полктің құрамында Сталинград үшін шайқасқа, Украинаны, Курск, Орел, Киев қалаларын жау әскерінен босатуға қатынасады. Харьков түбіндегі соғыста өз гаубицасымен жаудың 5 танкасын жандырып, ерлік жасады. Осы ұрыста «Ерлігі үшін» медалін алды. Курскі доғасындағы ұрыста да жау әскеріне оқ жаудырып шығынға ұшыратқаны үшін екінші рет «Ерлігі үшін» медалімен мараптталды. Әскер қатарынан 1946 жылы босап елге оралады. ІІ дәрежелі Отан соғысы, Даңқ ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және басқада жеңістен кейінгі мерекелік 10 медальдармен марапатталған. Елге келгеннен кейін өз мамандығы сауда саласында қызмет істеп, Жітіғара ауданы тұтынушылар одағы төрағасының орынбасары, Аманкелді ауданы тұтынушылар одағының орынбасары, совхоздарда жұмысшылар кооперациясының төрағасы болған. Зейнеткерлікке шыққан. Көп жылғы еңбегі бағаланып, Қазақ ССР-ы Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасын алады. 1998 жылы қайтыс болады. Артында 5 ұл, 16 немере және шөберелері бар. Амангельдинский район |
Құсайынов Айтқұл 1915 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 24 зенит АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 02.1943 ж. қоршауда қалып, жау қолына тұтқынға түсіп, 05.1945 жылы босап елге келген. Аудан мекемелерінде әр-түрлі қызмет істеп, зейнеткерлікке шығып, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қабылов Сүлеймен 1922 жылы Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың шілде айында армия қатарына шақырылды. 125-ші атқыштар полктің қатарында Смоленск үшін, Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысады. Соғыстан 1942 жылдың аяғында оң аяғынан ауыр жараланып, елге оралады. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін І дәрежелі, Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үішн» медалімен және Жеңістің мерекелік бес медалімен, сондай-ақ Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен марапатталған. Балаларының ортасында 2000 жылдың 9 қазанында дүниеден озды. Джангельдинский район |
Қазиев Жалғасбай 1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына алынып, 57 АП құрамында қатардағы жауынгер. Әскер қатарынан 1944 жылы жараланып босаған. Елге келіп қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қаймолдин Күрдей 1918 жылы мамырдын 5-де қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, соғыста 48 арт. полкте зеңбірек көздеушісі болған. 1943 жылы Смоленск облысы, Брытова деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Колхоз, совхоздарда жұмыс істеп қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қайралапов Абдухамит 1915 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1943 жылы Қостанай ҚӘК-нан әскерге алынып, 18 және 676 АП қатардағы жауынгер болып соғысқа қатынасқан. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, көлік жүргізуші болып, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қайралапов Сәмен Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста Ленинград майданында 146 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен және «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, аудан шаруашылықтарында жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қайырбеков Төлеубай 1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1941 жылы шақырылып, 731 АП қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1946 жылы босап елге келген соң, колхоз, совхоздарда жұмыскер болып, зейнеткерлікке шыққаннан кейін қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қалақ Өтепқалиұлы 1915 жылы қазіргі Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылында дүниеге келген. Еңбекке ерте араласты. Соғысқа 1942 жылдың аяғында шақырылып, бір ай дайындықтан өткен соң, майданға Сталинград түбіндегі сұрапыл шайқасқа бірден түседі. 1943 жылдың көктемінде жаралы болып санчастқа түседі, айыққаннан кейін қайтадан майданға қосылады. Сталинград қаласын неміс басқыншыларынан түгелдей босатуға қатысады. Сол жылдың күзінде тағыда жаралы болады, емделеді. Комиссияның соғысқа жарамсыз деген шешімі бойынша әскери қызметтен босап, елге оралады. Көп жылдар бойы колхоздың, кейін совхоздың жылқысын бақты. 70-ші жылдың ортасына дейін совхоздың поштасын ат-арбамен тасып мекемелерге, бөлімшелерге жеткізіп тұрды. Жасы келген шағында, құрметті демалысқа шықты. Сегіз баланың әкесі (5 ұл, 3 қыз), бәрін оқытып тәрбиеледі, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға жеткізген. Соғыс және еңбек ардагері І дәрежелі Отан соғысы орденімен, Совет Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың, Жеңіске арналған жеті мерекелік медальдармен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. 2000 жылдың 21 мамырда 85 жасында дүниеден озды, туған жері Дәмді ауылында жерленді. Наурзумский район |
Қалашов Жұмағали 1914 жылы Торғай уезінің қазіргі Шеген аулында өмірге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанда Торғайда 9 сынып бітіріп, өз ауылында бастауыш мектеп мұғалімі боп істеген. 1942 жылы армияға алынып, Шұбаркөлде дайындықтан өтіп, Сталинград майданында ұрыстарға қатысқан. Солтүстік Кавказ аумағында арқасынан жараланып, 1944 жылы елге қайтарылған. 1946 жылы үйленген, жұбайы Зияда Шаяхметқызы екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді, 11 немерелері бар. Әуелі Алғабас бастауыш мектебінде, кейін Шұбаланда мектеп меңгерушісі боп істеді. Сырттай оқып Мендіқара педучилищесін бітірген еді. 1972 жылы дүниеден өткенге дейін туған ауылы - «Торғай» кеңшарында ұстаздық етті. Отан соғысына қатынасушы ретінде Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің айтулы жылдарында мерекелік медаль-белгілермен атап өтілді. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» мерекелік медалімен марапатталған. Джангельдинский район |