Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'Р' было найдено совпадений: 18302


Қажиев Ертай

       1924 жылы Аманкелді ауданында туған. Әскерге 1942 жылы тамыз айында Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 33 әуе десанты бригадасында қызмет еткен. Әскери атағы аға сержант. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Әскер қатарынан 1949 жылы босап елге келген. Бүйректал совхозында есеп қызметінде істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қазиханов Шәкір

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскер қатарына 1940 жылы шілде айында Торғай АӘК-нан шақырылып, 33 АД, 73 АП қатардағы жауынгер болған. Соғыста Калининград майданында болып, Холм қаласы үшін болған ұрыста жараланып, 1944 жылы елге оралған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қаймолдин Күрдей

       1918 жылы мамырдын 5-де қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, соғыста 48 арт. полкте зеңбірек көздеушісі болған. 1943 жылы Смоленск облысы, Брытова деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Колхоз, совхоздарда жұмыс істеп қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қайралапов Абдухамит

       1915 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1943 жылы Қостанай ҚӘК-нан әскерге алынып, 18 және 676 АП қатардағы жауынгер болып соғысқа қатынасқан. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, көлік жүргізуші болып, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қайралапов Сәмен

       Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста Ленинград майданында 146 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен және «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, аудан шаруашылықтарында жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қайырбеков Төлеубай

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1941 жылы шақырылып, 731 АП қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1946 жылы босап елге келген соң, колхоз, совхоздарда жұмыскер болып, зейнеткерлікке шыққаннан кейін қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қалиев Жалкен (Жармұхамбет)

       1900 жылы Қарақоға болысында өмірге келген. Торғайда Ы.Алтынсарин ашқан 2 сыныпты орыс-қазақ мектебін бітірген. Кейін Орынборда рабфакта оқып, бірақ тұрмыс жағдайымен аяқтай алмаған. Көп жылдары Жітіқарада, «Құмақ» алтын кенінде жұмыс істеген. Әскерге 1941 жылы алынып, соғыстың соқпақ жолдарымен Берлинге дейін барған. Елге келген соң өмірден өткенше (1954 жылы) Жангелдин атындағы ұжымшарда шопан боп еңбек етті. Ол кісінің 2 баласынан тараған ұрпақтары Арқалық, Торғай қалаларында тұрып жатыр.


Джангельдинский район




Қалиев Кенжеғара Қалиұлы

       1922 жылы 1 қаңтарда туған. 1942 жылы күзде соғысқа шақыртылып, 8 ай уақыт өткен соң қолынан жарақат алып елге оралған. Науырзым ауданында мұғалім болып қызмет істеді. Кішкентай балалар мен қоса, оқу мен жазу білмеген үлкен азаматтарға да білім берді. Бейбіт жылдары Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде бірнеше рет мерекелік медальдарымен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Отбасында жұбай екеуі 9 бала тәрбиелеп өсірген. 27 немере, 4 шөбере сүйген. 2006 жылы 16 сәуірде қайтыс болды.


Наурзумский район




Қалмағамбетов Тоқтар

       1920 жылы Аманкелді ауданына қарасты Социал ауылында туған. Әке-шешеден ерте айырылды, ағайындарының ортасынд жетім өсті. 1940 жылдың тамыз айында әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысына қатысты, 24 теміржол полкі құрамында майданның алғы шебінде жаумен талай айқастарда болып, ерлік көрсетті. Германияны жеңгеннен кейін, милитаристік Жапониямен болған соғысқа қатысып, 1948 жылдың 24 наурызында елге оралды. Өмірінің біраз жылдары бойы қалалық сауда-тамақтандыру мекемесінде жүк тасушы болды. Отбасылы, екі бала тәрбиелеп өсірді – Фарит пен Фариданы. Соғыстағы ерлігі үшін Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 84 жасына қараған шағында дүниеден өтті, Қостанайда жерленді.


Амангельдинский район




Қалмағанбетов Жағыпар

       1924 жылдың 1 сәуірінде Аманкелді ауданы Жаңа ауыл ауылдық кеңесінде туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 331 АД, 1229 АП қатарында бөлімше командирі болған. ІІ Украина майданында соғысып, Венгрия, Польшаны азат ету ұрыстарына қатынасқан. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» және 8 мерекелік медальдармен марапатталған. 1944 жылы жараланып елге оралған. Елге келген соң, аудан мекемелерінде басшы қызметтерде істеген. 2006 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика