Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'М' было найдено совпадений: 12918


Аяпов Абдеш Камбарович

       Родился 1 мая 1923 года. Участник Великой Отечественной войны. С 1943 года воевал на Западном фронте, в 49-й Армии. Младший сержант, командир отделения, майор в отставке. Награжден орденами Отечественной войны І степени и «Знак Почета», медалями «За отвагу», «За доблестный труд», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освоение целинных земель», «Ветеран труда», «За доблестный труд. В ознаменование 100-летия со дня рождения Владимира Ильича Ленина», имеет семь медалей в честь юбилея Победы и Вооруженных Сил СССР, удостоен звания «Заслуженный учитель Казахской ССР», «Отличник народного образования».




Аяпов Мурзагул

       Родился 17 января 1924 года в селе Бетпаккара Кустанайской области. Участвовал в Великой Отечественной войне с августа 1943 года. Проходил службу в 85 Гвардейской дивизионной минометной бригаде – наводчиком. Участвовал в войне с Японией. Демобилизован в апреле 1947 года. За боевые заслуги был награжден медалями «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За победу над Японией».




Аяхметов Болтай

       Родился в 1906 году. На фронтах Великой Отечественной войны служил рядовым в 14 и 294 отдельном автобатальоне с июня 1941 года по май 1945 года. Награжден орденом Отечественной войны ІІ степени, юбилейными медалями.


Камыстинский район




Бүркітбаев Иманбек Жүнісұлы

       1926 жылдың 1 наурыз айында Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты «Кеңтүбек» колхозында дүниеге келген, бұрынғы №5 ауыл. 1944 жылы Жасбуын жеті жылдық мектебін бітіріп, осы жылдың қазан айында армия қатарына шақырылып, 168-ші атқыштар дивизиясының құрамындағы 298-ші атқыштар полкінде Одер өзені жағасында неміс әскерімен кескілескен ұрыс жасап, Одер өзенінің жағалауындағы Зееловский биіктігін алды. 26 сәуір 1945 жылы полк Берлин қаласының іргесінде бекініп, поляк дивизиясына қолдау жасады. Негізгі міндеті: поляктармен бірлесе отырып, немістердің гестапо, бандер, власовшылардың топтарын қоршап, құртып жіберу болды. Жеңіс күнін, 9 майды Лукенвильд қаласында қарсы алды. Соғыс біткен соң Эрфурт қаласында әскери қызметін жалғастырды. 1948 жылы елге оралып, аудандық байланыс торабында қызмет атқарып, кейін «Қазақстанның 40 жылдығы» совхозындағы байланыс бөлімшесіне бастық болып тағайындалады. Осы жұмыстан 1988 жылы зейнеткерлікке шығады. Отан соғысы ордені және бірнеше медальдармен марапатталған. Қазір жанұясында 9 ұл, 1 қыз, 20-дан астам немере-шөберелері бар қадірменді ардагер.


Амангельдинский район




Бәйішов Ғалымжан

       1925 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында дүниеге келген. Аманкелді орта мектебінен оқып білім алған. 1943 жылдың маусым айында соғысқа аттанды. Украина майданында 333-ші Қызыл тулы Синельников атындағы атқыштар дивизиясының құрамында 76 мм зеңбірек дивизиясының зеңбірек көздеушісі болады. Киев қаласы үшін болған кескілескен ұрыста алғашқы рет жараланып, Стерлітамақ қаласындағы госпитальда емделіп, 14 артийллерия полкінде резервте болады. 1944 жылдың мамыр айында 15-ші Ленинград Қызыл тулы Суворов орденді Бас ставканың 35-ші артийллерия бригадасының 667-ші полкінің қарауына жіберіледі. Соғыста Эстонияның Тарту қаласын, Германияның Кенингсберг, Гданск портын, Дрезденді жаудан азат ету ұрыстарына қатынасады. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» тағы басқа 8 медальдармен марапатталған. 1950 жылға дейін Эстония, Карелия жерінде елді қалпына келтіру жұмыстарына қатынасады. 1950-1952 жылдары КазПИ-де оқып, өзінің туған жері Аманкелді ауданында, өмірлік жолдасы Клара Құдайбергенова екеуі жас ұрпаққа білім берді. 1954 жылы аудандық партия комитетінің саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі, Крупская атындағы совхоздың партия ұйымынын хатшысы, аудан мекемелерінде партия ұйымының хатшысы болып көп жылдар басты қызмет атқарды. Артында ұл, қыздары бар. Немере, шөбере сүйіп абзал ақсақалды қария болды. 1994 жылы 28 қазанда қайтыс болды.


Амангельдинский район




Бөкеев Нұрахмет

       1909 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелдi ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Аманкелдi ауданында колхозда бастады. 1942 жылы наурызда әскерге алынды. Майдандағы ерлiк iстерi үшiн Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. Елге оралған соң кеңшарда қызмет еткен. Жұбайы Нәзия екеуi отбасылы болып, 6 бала тәрбиелеп өсiрген, 2 ұлын ұяға, 4 қызын қияға қондырған кiсi. 1988 жылы дүниеден өттi.


Наурзумский район




Бөкеев Нұрахмет

       1910 жылы бұрынғы Қараторғай болысы, қазіргі Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесіне қарасты Қарасу ауылында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 94 арт.полк құрамында көздеуші жауынгер болған. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдармен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен және жеңістің мерекелік үш медалімен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап елге келіп, колхозда жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Бiрмағамбетов Жолмағанбет

       Қазіргі Қостанай облысы, Аманкелдi ауданында 1912 жылы дүниеге келген. 1941 жылы соғысқа барған. Майданда жарақат алып, госпитальға түскен. Жазылғасын қайта аттанып, екінші рет ауыр жараланады. Осы жолы әскерге жарамсыз болған соң, елге 1944 жылы қайтады. Ұжымшарда бригадир болған, шаруашылықтың қалыптасуына өзінің мол үлесін қосқан. Жұбайы Балай екеуi отбасылы болып, 6 бала тәрбиелеп өсiрiп, немерелер көрген кiсi.


Наурзумский район




Бабаев Кулам Ахмедович

       Бабаев Кулам Ахмедович, рядовой, воевал Партизанский отряд им.Щорса соединения им.Сталина при ВС 4-го Украинского фронта с января 1943 г. по март 1945г.


Житикаринский район




Бабак Тимофей Федорович

       Родился 19 ноября 1916 года в селе Семиозерное. Трудовую деятельность начал в марте 1931 года разнорабочим Сулукольского совхоза. 14 октября 1937 года призван в ряды Красной Армии. Служил на Дальнем Востоке в воинской части аэростато-заграждения, где готовили пулеметчиков, зенитчиков. В апреле 1940 года демобилизован. После службы работал бригадиром тракторной бригады Семиозерной МТС. 14 октября 1941 года направлен снова Семиозерным РВК в г. Казалинск, где проводилось формирование войск. В декабре 1941 года направлен в 27-ю стрелковую дивизию 105-го стрелкового полка. Участвовал в боях на подступах к Москве, в освобождении Сталинграда, городов Белоруссии, Польши, Германии. После войны продолжал службу в Германии, в г. Эрфурте. Демобилизован в июне 1946 года. Трудовую деятельность продолжил в 1946 году мастером трудового обучения в Семиозерной школе механизации. 1953-1977 годы – начальник автоколонны Семиозерного АТП. С 1977 года на пенсии, однако продолжал работать снабженцем в пионерлагере имени Комарова. С супругой Марией Яковлевной воспитали 3 детей, все имеют высшее образование, имеют 5 внуков, 3 правнука. Награды: орден Отечественной войны 1 степени, медали «За отвагу», «За оборону Москвы», «За оборону Сталинграда», «За освобождение Варшавы», «За взятие Берлина», «За освоение целинных земель», «Ветеран труда», семь юбилейных медалей. Проживает в селе Аулиеколь.


Аулиекольский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика