Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'М' было найдено совпадений: 12918


Нұрманов Әміржан

       1921 жылы 23 ақпанда Аманкелді ауданында туған. Әскерге 1940 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, 520 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1944 жылы жараланып, әскер қатарынан босаған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұрманов Абайдолла

       1914 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Қараторғай өзені жағасында туған. Әскерге 1941 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 23 АД құрамында қызмет еткен. Әскерден 1945 жылы босап, елге келген соң, колхоз басқармасы, совхозда бөлімше меңгерушісі болып еңбек демалысына шыққан. 1993 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұрманов Сарман

       1917 жылы қаңтар айында қазіргі Аманкелді ауданы, 1 Май ауылдық кеңесінде туған. Әскер қатарына 1941 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 227 АП құрамында мина іздейтін жауынгер болған, елге 1945 жылы келіп, еңбек демалысына шыққанға дейін шопан болып қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұрманов Шаймерден

       1919 жылы мамырдың 15-де қазіргі Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылында туған. Әскерге Қызылорда АӘК-нан алынып, 98 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1945 жылы әскер қатарынан босап елге келіп, көп жыл басты есеп қызметінде істеп, еңбек демалысына шыққан. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұрпейісов Ахмет Бейсенбайұлы

       1926 жылы 11 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында дүниеге келді. 1944 жылы 22 қыркүйекте әскери комссариатқа шақырылған. Алғашқы ұрысқа 1945 жылы 29 сәуірде Кенигсберг қаласы жанында кірген. Содан 1945 жылдың 9 мамырға дейін 298 атқыштар полкінде жауға қарсы соғысады. Жеңістен кейін Германияның Балтық жағалауында күзет взводында әскери борышын өтеуге қалады. 1951 жылы елге оралады. «Варшаваны азат еткені үшін» медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, сондай-ақ Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен марапатталған. Жеңіс күнінде мерекелік медальдармен марапатталып отырған. Елге оралғаннан кейін Қостанай мен Урицкий аудандарында учаскелік инспекторы болып істейді. 1965 жылы Торғайда ішкі істер бөлімінде қызметін мінсіз атқарып, 1980 жылы еңбек демалысына шықты. 1967 жылы «Мінсіз қызметі үшін» медалімен наградталды. Майдангер, ішкі істер қызметінің майоры (запастағы) Нұрпейісов Ахмет Бейсенбайұлы 2003 жылы 10 қаңтарда дүниеден озды.


Джангельдинский район




Нұрпейісов Мұқан

       1902 жылы Торғай өңірінің Сужараған ауылында туған. Білімі бастауыш деңгейінде. Елде серіктестік құру ісіне белсене араласып, төраға міндетін атқарған. Сатушылық жұмыста да болған. Ұжымшарда ферма меңгерушісі болып істеген. 1942 жылы әскерге шақырылып, жаяу әскер қатарында соғысқан. 1943 жылы жараланып жатқан жерінен немістер тұтқынға алған. 1945 жылы Гамбургтегі лагерьден американ әскерлері босатқан. Кейін Минск қаласында қатардағы жауынгер болып әскери міндетін атқарған. 1947 жылы елге оралды. Бейбіт уақытта «Сужарған», 1 мамыр ұжымшарларында малшы болып еңбек етті. 1962 жылы зейнетке шықты. Мерекелік медальдармен марапатталған. 1972 жылы дүниеден өтті. Артында балалары, немере, шөберелері бар.


Джангельдинский район




Нұрсеитов Камел

       1925 жылы Әулиекөл ауданында туған. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Челябi облысының Шұбаркөл жерiнде алты ай арнаулы әскери дайындықтан өтедi, сол жерден 1943 жылы соғысқа аттанады. II Беларус фронтында шайқасып, көптеген жерлердi сыртқы жаудан азат еттi. Соғыстағы ерлiк iстерi үшiн Қызыл Ту орденiмен, «Варшаваны азат еткенi үшiн», «Берлиндi алғаны үшiн», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн» медальдарымен және бiрнеше мерекелiк медальдармен марапатталған. 1948 жылға дейiн Германияда әскери қызметiн жалғастырады. Елге аман-сау оралып, Әулиекөл ауданының Аманқарағай элеваторында койма меңгерушiсi болып еңбекке араласады. Семья құрып, жұбайы екеуi 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсiредi. 1951 жылы Мырзакөл совхозынан «Соснов» совхозының №2 Шолаққопа бөлiмшесiне механизатор болып келедi. Еңбегі бағаланып, «Тың жерлердi игергені үшін» медалiмен марапатталды. 1976 жылы ақпан айында өмiрден өттi.


Наурзумский район




Нұрфазылов Молдагүл

       1905 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанды. 48 Армия, 217 дивизия, 755 полк, 2 батальон, 3 взвод құрамында болып, Польша, Белоруссия елдерін, Смоленск қаласын азат етуге қатынасып, Германияға дейін барады. Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен наградталған. Елге келген соң мал шаруашылығында еңбек етеді. 1986 жылы қайтыс болды.


Наурзумский район




Нұрханов Махат

       1915 жылы 15 қаңтарда қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге 1941 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 175 жеңіл арт.батальонында бөлімше командирі болған. Әскери атағы сержант. Әскерден 1945 жылы босап, елге келген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нағыманов Жөкеш

       1914 жылы туған. Торғай АӘК-нан 1940 жылы әскерге шақырылып, 753 ауыр танк полкінде танкист болған. Әскерден 1945 жылы босаған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика