Қалмурзин Әлмұхан 1920 жылы Аманкелді ауданы, Жаңа ауыл ауылдық кеңесінің Үрпек ауылында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 92 АД, 10 дербес АБ құрамында соғысқан. 1944 жылы жараланып, әскер қатарынан босаған. Елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанша мектепте ұстаз болған. 1997 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қапақов Назар 1923 жылы Шұбалаң ауылында өмірге келген. 1942 жылы наурыз айында әскерге алынып, 1945 жылдың желтоқсанына дейін майданда болды. Үшінші армияның бөлімінде байланысшы міндетін атқарды. Польша, Чехословакия елдерін азат етуге қатысып, Берлинге дейін жеткен. Екі рет жарақат алған. «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Елге оралды. Ұжымшарда есепшілік, кейін мал бордақылау кеңшарында кадр бөлімін басқарды. Өте кішіпейіл, өнерпаз күйші, әулеті елге сыйлы болатын. Ұрпақтары Астана, Арқалық, Торғай қалаларында тұрып, үлгілі еңбек етуде. Джангельдинский район |
Қарғин Сайділда 1920 жылы наурыз айының 5-ші жұлдызында Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №1 ауылдық кеңеске қарасты Байғабыл деген жерінде дүниеге келген. Сол жердегі бастауыш мектепте оқып білім алған. Соғысқа алынғанға дейін әуелде серіктестікте, кейін Калинин колхозында жұмыс істеген. 1942 жылы әскер қатарына алынып, 210-шы моторлы атқыштар полкі құрамында жау әскерімен ұрысқа кіріседі, барлаушы жауынгер болған. Соғыстағы ерлігі «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен 1943 жылдың басында белгіленген. Әскер қатарынан 1948 жылдың 29 ақпан айында ғана елге оралды. Колхоз, совхоз жұмысына белсене араласып, мал бағады. Соғыстан кейінгі мерекелік медальдары бар. 1972 жылы қайтыс болады. Жанұясында 5 ұл, 1 қыз және немере-шөберелері бар. Амангельдинский район |
Қарағұлов Ерден 1925 жылы Аманкелді ауданында туған. 1943 жылдың наурыз айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 884 АП құрамында қатардағы жауынгер болып соғысқа қатынасып, әскер қатарынан Кировоград қаласы үшін болған ұрыста жараланып елге оралған. Амангельдинский район |
Қарақұлов Ағытай 1921 жылы Амакелді ауданы, №10 Жаңақоныс ауылдық кеңесіне қарасты Құмкешу ауылында туған. 06.1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 226-шы мин.полкінде бөлімше командирі болған. Әскери атағы аға сержант. Жауынгерлік Даңқ, Отан соғысы ордендерімен және бірнеше медальдармен марпатталған. Әскерден 05.1945 жылы босаған. Қайтыс болған.Жанұясында ұл, қыздары мен немерелі бар. Амангельдинский район |
Қарин Нұржаубай 1918 жылдың 10 шілдеде қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді селосында туған. 1942 жылдың қараша айының 23-ші күні Торғай әскери комиссариатынан армия қатарына шақырылып, 312 атқыштар полкінің құрамында қатардағы жауынгер болып алғашқы рет бірінші Белоруссия майданында соғысқа кіреді. 1943 жылдың 22 тамыз айында жараланып, Қазан қаласындағы №3657 госпитальда емделіп, соғысқа қайта кіріседі. Армия қатарынан 1945 жылы оралады. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері бағаланып, Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» тағы басқа соғыстан кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Жанұясында ұл, қыздары, немере-шөберелері өрбіген жан. Елге келгеннен кейін Аманкелді ауданындағы «Коммунизм жолы» совхозында зейнеткерлікке шыққанға дейін қой бағып жұмыс істеген. 1981 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
Қарымсақов Сапан Әбілдәұлы 1917 жылы 23 ақпанда қазіргі Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Дана-Бике ауылында дүниеге келген. Еңбек жолы Семиозер ауданының Үш-Қарасу ауылында ветфельдшер болып қызмет атқарумен басталды. Әскерге 1939 жылы қараша айында алынып, 517 кавалерия полкына түседі. Онда 1942 жылдың қазан айына дейін болады. Одан 116 автохим полкында 1943 жылдың қараша айына дейін бөлімше командирі болады. 547 батальонында 1946 жылдың мамыр айына дейін аэродром көмекшісі болады. 1946 жылдың қыркүйегіне дейін 1939 автохим полкында бөлімше командирі болады. Соғыстағы ерлік істері үшін Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да 10 мерекелік медалдарымен марапатталған. 1946 жылы елге оралған соң Семиозер ауданы, Диев совхозы, Үш-Қарасу аулында ветфельдшер болып жүмыс атқарды, одан Шолаққопа ауылында 1963 жылға дейін жылқышы болды. 1963 жылы Көктал совхозында жүмыс атқарып, елге адал еңбегін сіңірген. Жұбайы Жақсылық екеуі 2 бала өсіріп, 9 немере, 3 шөбере сүйіп, қызығын көрген бақытты ата-ана. Сапан Әбілдәұлы Жамбыл селолық аймағындағы қорымға 1988 жылы жерленді. Наурзумский район |
Қасымжанов Ахмедияр 1913 жылы бұрынғы Қайдауыл болысы, қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1943 жылы қыркүйек айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 384 АП құрамында қызмет еткен. Соғыста Ленинград майданында болған. 1944 жылы желтоқсан айында жараланып, елге оралған. Жауынгерлік «Ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» және жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Ауданда көп жыл жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қоғабаев Өмір 1913 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, 1 – май ауылдық кеңесінде туған. 1941 жылдың тамыз айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 63 атты әскер полкінде Сталинград майданында болған. 1942 жылы жараланып, ІІ топтағы соғыс мүгедегі болып елге оралған. 1991 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қожамжаров Жұмабек 1911 жылы қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Албарбөгет округінде дүниеге келген. Соғысқа дейінгі жылдарда әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда мүше боп еңбек еткен. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, жаяу әскер қатарында болған. 1945 жылы соғыс аяқталғаннан кейін, елге оралып, өзі туған Албарбөгет ұжымшарында мал бағып, озат шопан болды. Ұлы Жеңістің 20, 30, 40, 45 жылдығына байланысты медальдарымен марапатталды. 1995 жылдың 19 наурызында қайтыс болды. Зайыбы Тұрғанша Шайхығалиқызы 5 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген «Ардақты ана» иегері. Еңбекқор, қазақ халқының өсуіне үлес қосқан қарапайым отбасы болатын. Джангельдинский район |