Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'А' было найдено совпадений: 24120


Кәрібаев Молдахмет

       1908 жылы Торғайдың Шилі аулында туған. Сауатын САУЖОЙда ашқан. Әуелгіде серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасты. Елге оралған соң ұжымшарда, кейін кеңшарда бригадир, қатардағы жұмыскер боп еңбек етті. Соғыс ардагері ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы күндерінде әрдайым еленіп, марапатталып отырды, тиісті мерекелік медаль, белгілермен атап өтілді. Молдахмет ақсақал 1998 жылы қайтыс болды.


Джангельдинский район




Кәрімбаев Сатыбалды

       1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскер қатарына 1942 жылдың наурыз айында шақырылып, соғыста 913 арт. полкте зеңбірек көздеушісі болған. 1943 жылы Эстониядағы Долгая Нива деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Көбеев Омар

       1906 жылы Торғайдың Ақкөлінде туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Әуелі серіктестік, кейін ұжымшарда еңбек еткен. 1941 жылы Торғай әскери комиссариаты армияға жіберген. Курск доғасына, Украина майданында қатысқан. 1945 жылы елге оралған. Келген жылдан бастап ұжымшарда шопан боп еңбек етті. 1957 жылы Мәскеуде Бүкілодақтың көрмеге қатынасты. 1964 жылы қайтыс болды. 4 ұлынан өрбеген немере, 4 шөберелері бар. Олардың қатарында мал мамандары, жоғары білімді медицина саласының қызметкері бар. Балалары да марқұм әкесі сияқты елге беделді, жұмыстарында табыс биігінен көрініп жүр.


Джангельдинский район




Көбенов Абдрахман

       1918 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Ұзынқоға деген жерде дүниеге келген. 1941 жылы армия қатарына шақырылып, Орынбор облысының Бузулук қаласындағы кіші командирлер дайындайтын мектепке жіберіледі. Оқуын бітірген соң 1942 жылдың мамыр айында танкке қарсы зеңбірек взводының командирі етіп тағайындалды. 62-ші Армия құрамындағы 98-ші атқыштар дивизиясы Сталинград майданына жіберіледі. Біздің жауынгер соғыста берген антына берік болды, жаумен жан аямай айқасты. Оның взводы бір күнде немістің 20 танкісі бар бір полктай жаяу әскеріне қарсы тұрып, бір адымда шегінбестен қорғана білді, жеңіске жетті. Гвардия кіші лейтенант Абдрахман Көбенов соғыстағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және тағы басқа мерекелік 6 медалімен марапатталған. Елге жеңіспен оралғаннан кейін зейнеткерлікке шыққанша мектептерде мұғалім болып, шәкірттер тәрбиеледі. Қайтыс болды, артында ұл, қыз және немерелері бар.


Амангельдинский район




Көкенов Құлахмет

       1926 жылы Жезқазған облысында туған. Әскерге 1945 жылы қаңтар айында Аманкелді АӘК-нан шақырылған. 238 АП құрамындағы 3 мед.санбатта қызмет етіп, 1945 жылы мамыр айында әскер қатарынан босаған. Әскери атағы ефрейтор. Аманкелді аудандық мәдениет үйінде киномеханик болып жұмыс істеп зейнеткерлікке шыққан. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Жанұясында ұл-қыздары бар.


Амангельдинский район




Көнкұлов Баяхмет

       1916 жылдың қаңтар айында қазіргі Аманкелді ауданы Сартал ауылдық кеңесінде туған. Торғай АӘК-нан әскер қатарына 1941 жылы шақырылып, соғыста 136 сан. поезда қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1946 жылы босаған. Жұмыскер. 1987 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Көпбасов Сейілхан

       1924 жылы Аманкелді ауданы, Сарыторғай деген жерде туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1941 жылы тамызда шақырылып, соғыста 142 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік сегіз медальмен марапатталған. Әскерден 1945 жылы мамырда босап, елге келіп, Сарыторғай совхозында жұмыс істеген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Көпжанов Бәйділда

       1906 жылы сәуір айында Қайдауыл болысы, Терісбұтақ өңірінде дүниеге келген. 1935-1942 жылдар аралығында қазіргі Сарыторғай ауылында мал бағып еңбек еткен. 1942 жылы әскер қатарына алынған. Сталинград түбіндегі соғысқа қатынасады. 1944 жылы ауыр жарақат алып, елге оралады. Соғыс жылдарындағы ерлігі үшін «Сталинградты қорғағаны үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. Елге оралғасын 1 дәрежедегі мүгедектікке шығады. 1955 жылға дейін еңбек жолын мал шаруашылығында өткізеді. 1991 жылы 5 қазанда ауыр науқастан қайтыс болған. Ол кісі соғысқа дейінде отбасылы болған, зайыбы Абенова Орынбасар екуінің артында 1 қыз, 3 ер баласы бар. Осылардан тараған 19 немересі мен 4 шөбересі бар.


Амангельдинский район




Көрпебаев Сақан

       Қазіргі Әулиекөл ауданына қарасты Мақсұт ауылында 1909 жылы туған. 1941 жылы соғысқа аттанып, 1943 жылы маңдайынан жаралы болып қайтып келді. Ауылға оралған соң, 1948 жылға дейін Таран ауданы Қайыңдыкөл колхозында мал шаруашылығының бригадирі болған, артынан 1956 жылға дейін Кіндіксай колхозында жылқышы-қойшы болып істеді. 1956-1970 жылдары Қоржынкөл колхозында, Вачасов атындағы совхозда мал шаруашылығында жұмыс істеп, зейнетке шықты. 1980 жылы қайтыс болды. Балалары, немерелері бар.


Аулиекольский район




Көрпебаев Шүкір

       1906 жылыТорғайдың Ақмырза қонысында дүниеге келген. Сауатын ауыл молдасынан кейін САУЖОЙда ашқан. Әуелгі кезде серіктестікте, соңынан ұжымшарда еңбек еткен. Әскерге 1941 жылы алынған. Жаяу әскер қатарында Сталинградты қорғауға, Курск доғасындағы алапат ұрыстарға қатысып үш рет жараланған. Мүгедектігіне байланысты елге оралып 1 Май ұжымшарында тракторист болып істеген. Аудандағы алғашқы механизаторлардың бірі, 1966 жылы зейнетке шықты. Соғыс кезінде, кейін бейбіт еңбекте алған наградалары бар. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде мерекелік медаль, белгілермен марапатталған. 1991 жылы Сужарған ауылында дүниеден өтті. Ұл-қыздарынан өрбіген немере, шөберелері бар.


Джангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика