![]() Күнтуов Сүндет 1904 жылы Торғайдың Тосын құмында дүниеге келген. Ауыл молдасынан, САУЖОЙдан сауатын ашқан. Серіктестікте, ұжымшарда мал бақты. 1941 жылы әскер қатарына алынып, Украин майданында ұрыстарға қатысып, Берлинді алуға да үлес қосқан. Соғыста алған жарақаттарына сәйкес 1945 жылы маусымда елге оралған. Сталин атындағы ұжымшарда малшы болды. 1964 жылға дейін «Торғай» кеңшарында еңбек етті. Кейін «Речной» кеңшарында шопан болған. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, төс белгілермен марапатталды. Ардагер 1991 жылы 87 жасында қайтыс болды. Артында қалған балаларынан өрбіген ұрпақтар бар. Джангельдинский район |
![]() Күшенбаев Көкентай 1911 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Үрпек ауылында туған. 02.1942 ж. Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 298 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік төрт медальмен марапатталған. Елге келіп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Күшікбаев Көкентай 1905 жылы Науырзым ауылында дүниеге келген. 1941 жылы неміс-фашист басқыншылары тұтқиылдан соғыс ашқанда, ауылдың ер-азаматтарымен қатар соғысқа аттанған болатын. 1943 жылға дейін Смоленск жерінде сұрапыл соғыстың талай қиындықтарын бастан кешкен. Жаралы да болды, госпитальда емделді. 1944 жылы белінен жаралы болып еліне оралған. Соғыстан кейін Науырзым жерінде ауыл шаруашылығында әр түрлі салада көп жылдар еңбек етті. 1973 жылы қайтыс болды. Наурзумский район |
![]() Күшікбаев Какен 1911 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Кеңтүбек ауылында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 294 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1946 жылы босаған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Кәдіров Смағанбет Торғай уезінің Жаркешу ауылында 1913 жылы дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған. Сауат ашу мектебінде оқыған. Әуелі «Жаркешу» серіктестігінде, кейін «Түйемойнақ» ұжымшарында еңбек етті. Торғай әскери комиссариатының шақыруымен 1942 жылдың наурызында соғысқа аттанады. Москвада 3 ай дайындықта болып, 1943 жылдың желтоқсан айынан майданды. Украинаның елді мекендерін, Австрия, Венгрияны азат ету ұрыстарына қатысқан. Соғысты Германияда аяқтап, елге 1946 жылы оралған. ІІІ топтағы мүгедек. Елге келген соң, ұжымшарда бастауыш партия ұйымының хатшысы, ауылдық кеңестің хатшысы қызметінде болып, ел сеніміне бөленеді. Ұлы Отан соғысына қатынасушы ретінде І дәрежелі Отан соғысы ордені, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және Жеңістің, сондай-ақ ССРО Қарулы Күштерінің атаулы жылдарының медаль-белгілерімен марапатталды. 2002 жылы бақиға өтті. Артында 5 бала, 21 немересі бар. Джангельдинский район |
![]() Кәрібаев Молдахмет 1908 жылы Торғайдың Шилі аулында туған. Сауатын САУЖОЙда ашқан. Әуелгіде серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасты. Елге оралған соң ұжымшарда, кейін кеңшарда бригадир, қатардағы жұмыскер боп еңбек етті. Соғыс ардагері ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы күндерінде әрдайым еленіп, марапатталып отырды, тиісті мерекелік медаль, белгілермен атап өтілді. Молдахмет ақсақал 1998 жылы қайтыс болды. Джангельдинский район |
![]() Кәрімбаев Сатыбалды 1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскер қатарына 1942 жылдың наурыз айында шақырылып, соғыста 913 арт. полкте зеңбірек көздеушісі болған. 1943 жылы Эстониядағы Долгая Нива деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Көбеев Омар 1906 жылы Торғайдың Ақкөлінде туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Әуелі серіктестік, кейін ұжымшарда еңбек еткен. 1941 жылы Торғай әскери комиссариаты армияға жіберген. Курск доғасына, Украина майданында қатысқан. 1945 жылы елге оралған. Келген жылдан бастап ұжымшарда шопан боп еңбек етті. 1957 жылы Мәскеуде Бүкілодақтың көрмеге қатынасты. 1964 жылы қайтыс болды. 4 ұлынан өрбеген немере, 4 шөберелері бар. Олардың қатарында мал мамандары, жоғары білімді медицина саласының қызметкері бар. Балалары да марқұм әкесі сияқты елге беделді, жұмыстарында табыс биігінен көрініп жүр. Джангельдинский район |
![]() Көбенов Абдрахман 1918 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Ұзынқоға деген жерде дүниеге келген. 1941 жылы армия қатарына шақырылып, Орынбор облысының Бузулук қаласындағы кіші командирлер дайындайтын мектепке жіберіледі. Оқуын бітірген соң 1942 жылдың мамыр айында танкке қарсы зеңбірек взводының командирі етіп тағайындалды. 62-ші Армия құрамындағы 98-ші атқыштар дивизиясы Сталинград майданына жіберіледі. Біздің жауынгер соғыста берген антына берік болды, жаумен жан аямай айқасты. Оның взводы бір күнде немістің 20 танкісі бар бір полктай жаяу әскеріне қарсы тұрып, бір адымда шегінбестен қорғана білді, жеңіске жетті. Гвардия кіші лейтенант Абдрахман Көбенов соғыстағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және тағы басқа мерекелік 6 медалімен марапатталған. Елге жеңіспен оралғаннан кейін зейнеткерлікке шыққанша мектептерде мұғалім болып, шәкірттер тәрбиеледі. Қайтыс болды, артында ұл, қыз және немерелері бар. Амангельдинский район |
![]() Көкенов Құлахмет 1926 жылы Жезқазған облысында туған. Әскерге 1945 жылы қаңтар айында Аманкелді АӘК-нан шақырылған. 238 АП құрамындағы 3 мед.санбатта қызмет етіп, 1945 жылы мамыр айында әскер қатарынан босаған. Әскери атағы ефрейтор. Аманкелді аудандық мәдениет үйінде киномеханик болып жұмыс істеп зейнеткерлікке шыққан. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Жанұясында ұл-қыздары бар. Амангельдинский район |