![]() Көнкұлов Баяхмет 1916 жылдың қаңтар айында қазіргі Аманкелді ауданы Сартал ауылдық кеңесінде туған. Торғай АӘК-нан әскер қатарына 1941 жылы шақырылып, соғыста 136 сан. поезда қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1946 жылы босаған. Жұмыскер. 1987 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Көпбасов Сейілхан 1924 жылы Аманкелді ауданы, Сарыторғай деген жерде туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1941 жылы тамызда шақырылып, соғыста 142 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік сегіз медальмен марапатталған. Әскерден 1945 жылы мамырда босап, елге келіп, Сарыторғай совхозында жұмыс істеген. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Көпжанов Бәйділда 1906 жылы сәуір айында Қайдауыл болысы, Терісбұтақ өңірінде дүниеге келген. 1935-1942 жылдар аралығында қазіргі Сарыторғай ауылында мал бағып еңбек еткен. 1942 жылы әскер қатарына алынған. Сталинград түбіндегі соғысқа қатынасады. 1944 жылы ауыр жарақат алып, елге оралады. Соғыс жылдарындағы ерлігі үшін «Сталинградты қорғағаны үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. Елге оралғасын 1 дәрежедегі мүгедектікке шығады. 1955 жылға дейін еңбек жолын мал шаруашылығында өткізеді. 1991 жылы 5 қазанда ауыр науқастан қайтыс болған. Ол кісі соғысқа дейінде отбасылы болған, зайыбы Абенова Орынбасар екуінің артында 1 қыз, 3 ер баласы бар. Осылардан тараған 19 немересі мен 4 шөбересі бар. Амангельдинский район |
![]() Көрпебаев Сақан Қазіргі Әулиекөл ауданына қарасты Мақсұт ауылында 1909 жылы туған. 1941 жылы соғысқа аттанып, 1943 жылы маңдайынан жаралы болып қайтып келді. Ауылға оралған соң, 1948 жылға дейін Таран ауданы Қайыңдыкөл колхозында мал шаруашылығының бригадирі болған, артынан 1956 жылға дейін Кіндіксай колхозында жылқышы-қойшы болып істеді. 1956-1970 жылдары Қоржынкөл колхозында, Вачасов атындағы совхозда мал шаруашылығында жұмыс істеп, зейнетке шықты. 1980 жылы қайтыс болды. Балалары, немерелері бар. Аулиекольский район |
![]() Көрпебаев Шүкір 1906 жылыТорғайдың Ақмырза қонысында дүниеге келген. Сауатын ауыл молдасынан кейін САУЖОЙда ашқан. Әуелгі кезде серіктестікте, соңынан ұжымшарда еңбек еткен. Әскерге 1941 жылы алынған. Жаяу әскер қатарында Сталинградты қорғауға, Курск доғасындағы алапат ұрыстарға қатысып үш рет жараланған. Мүгедектігіне байланысты елге оралып 1 Май ұжымшарында тракторист болып істеген. Аудандағы алғашқы механизаторлардың бірі, 1966 жылы зейнетке шықты. Соғыс кезінде, кейін бейбіт еңбекте алған наградалары бар. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде мерекелік медаль, белгілермен марапатталған. 1991 жылы Сужарған ауылында дүниеден өтті. Ұл-қыздарынан өрбіген немере, шөберелері бар. Джангельдинский район |
![]() Көшекбаев Тоқмағанбет 1923 жылы Аманкелді ауданында туған. Әскерге 1941 жылы мамыр айында Қостанай АӘК-нан алынып, соғыста 9 гв. АП құрамында қызмет еткен. Әскери атағы – аға лейтенант. Жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдарымен марапатталған. Майданнан 1944 жылы әскер қатарына жарамсыз – мүгедек болып елге оралған. Аудан шаруашылықтарында көп жыл басқару жұмыстарын атқарған. Жанұясында ұл-қыздары мен немере шөберелері бар. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Көшенов Қуаныш 1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданына қарасты Мұқыр ауылында туған. Ұлы Отан соғысына 1942 жылы аттанып, соғыс аяқталғанша майданның алғы шебінде болды. Кейін әскер қатарында 1947 жылына дейін болып, елге оралды. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды. Қостанай педучилищесін бітірген, Аманкелді, Жангелді аудандарының Байғабыл, Мұқыр, Абай, Тоқанай, Құмкешу мектептерінде мұғалім болды, бастауыш партия ұйымын басқарған. 1957 жылы қайтыс болды, артында бес баласы бар. Амангельдинский район |
![]() Көшенов Далабай 1924 жылы Аманкелді ауданы, Сартал ауылдық кеңесінде туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылдың шілде айында әскер қатарына шақырылып, соғыста 38 АД, 110 гв. АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, зейнеткерлікке шыққанша қой баққан. 1995 жылы дүние салды. Амангельдинский район |
![]() Көшенов Жанахмет 1919 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК нан 1942 жылы тамыз айында шақырылып, соғыста 570-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1942 жылдың аяғында Сталинград қаласы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Аудан мекемелерінде қызмет істеп, қайтыс болған. Жауынгерлік үш медальмен марапатталған. Амангельдинский район |
![]() Көшербаев Байдір 1920 жылы шілде айының 10 күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Мұқыр ауылында дүниеге келген. Білімі бастауыш. Колхозда жұмыс істеген. 1943 жылдың 15 ақпанында әскерге алынып, Шұбаркөлде бір ай дайындықтан өтіп, 96 атқыштар полкінде Сталинградты жау қолынан азат ету үшін қырғын соғысқа араласып кетеді. Сол кезде аяқтан жараланды, Куйбышев қаласындағы госпитальда 3 ай жатып, сауыққан соң Сталинградтың батыс жағынан қайта соғысқа кірісті. Содан кейін Орлов, Курск, Тула қалаларын азат ету ұрыстарына қатысқан. 1944 жылы Польшаны азат ету ұрысында екінші рет аяқтан және қолдан ауыр жарақат алып, госпитальда емделіп, әскер қатарына жарамсыз деп армия қатарынан босаған. Отан соғысының 2 топтағы мүгедегі. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері және мерекелік 6 медальдармен марапатталған. Соғыстан елге оралғаннан кейін Аманкелді ауданынын Иманов атындағы, кейін «Родник» совхозында аға шопан болды. Бейбіт жылдары жасаған ерең еңбегі үшін Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендермен марапатталған. Үш ұлы, үш қызы бар. Қазір елге сыйлы ақсақал. Амангельдинский район |