Мухитов Амирьян Сейфутдинович Выходец из деревни Шалпы Томутовского района Татарстана. Родился 19 июня 1926 года. На военную службу был призван в ноябре 1943 года. После нескольких месяцев военной подготовки был определен в воинскую часть № 3214 НКВД, Украинский фронт. Демобилизовался в 1950 году в звании старшего сержанта. Боевые и трудовые и награды ветерана – медалью «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», орденом Октябрьской Революции, орденом Трудового Красного Знамени, юбилейные медали. Более 50 лет трудился водителем. г.Рудный |
Мырзабеков Амантай 1925 жылы туған. Әскерге 1942 жылы мамырда Торғай АӘК-нан шақырылып, 196 АП құрамында қатардағы жауынгер болып, соғысқа қатынасқан. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Белградты азат еткені үшін» және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Көп жыл бойы осы ауданның А.Иманов атындағы совхозда мал маманы болып жұмыс істеген. 1997 жылы қайтты. Амангельдинский район |
Нұғыманов Мұхамбетриза 1924 жылы 16 ақпанда Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1942 жылы шақырылып, 164 АП құрамында бөлімше командирі болған. 1944 жылы Полтава қаласы үшін болған ұрыста жараланып, 1 топтағы соғыс мүгедегі болып, елге оралған. Әскери атағы сержант. Соғыста «Ерлігі үшін» медалімен, І дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Елге келген соң, комсомол, ауаткомда жауапты қызметтер атқарған. 1970 жылы дүние салды. Амангельдинский район |
Нұрғалиев Хамит 1919 жылы 15 қыркүйекте қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылдың қазан айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 182 арт.полкте бағыттаушы болған. Әскерден 1944 жылы Воронеж қаласы түбінде жаралы болып, елге оралған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Нұрманов Әбдіхамит 1912 жылдың қаңтар айында қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Байғабыл ауылында туған. Сондағы бастауыш мектепті бітіріп, Қаратартпа серіктестігінде, кейін Калинин атындағы колхозда есепші болып жұмыс істеген. 1942 жылы әскерге алынып, алғашында 371-ші атқыштар полкінде, кейін 224-ші минометшілер полкінің құрамында Сталинград майданында соғысады. Алғашқы ұрыста көзге түсіп «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалін алады. Кейін бас қолбасшы И.Сталиннің атынан 6 рет алғыс, Қызыл Жұлдыз орденімен, «Берлинді алғаны үшін», т.б. медальдармен марапатталған. 1945 жылы елге оралып, аудан шаруашылықтарында зейнеткерлікке шыққанша мал фермасының меңгерушісі, зоотехник, бухгалтер-есепші, 1972 жылы «Қазақстанның 40 жылдығы» совхозында директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары болып қызметтер атқарған. Жанұясында 4 ұл, 3 қыз және немере-шөберелері бар.1995 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Нұрсеитов Камел 1925 жылы Әулиекөл ауданында туған. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Челябi облысының Шұбаркөл жерiнде алты ай арнаулы әскери дайындықтан өтедi, сол жерден 1943 жылы соғысқа аттанады. II Беларус фронтында шайқасып, көптеген жерлердi сыртқы жаудан азат еттi. Соғыстағы ерлiк iстерi үшiн Қызыл Ту орденiмен, «Варшаваны азат еткенi үшiн», «Берлиндi алғаны үшiн», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн» медальдарымен және бiрнеше мерекелiк медальдармен марапатталған. 1948 жылға дейiн Германияда әскери қызметiн жалғастырады. Елге аман-сау оралып, Әулиекөл ауданының Аманқарағай элеваторында койма меңгерушiсi болып еңбекке араласады. Семья құрып, жұбайы екеуi 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсiредi. 1951 жылы Мырзакөл совхозынан «Соснов» совхозының №2 Шолаққопа бөлiмшесiне механизатор болып келедi. Еңбегі бағаланып, «Тың жерлердi игергені үшін» медалiмен марапатталды. 1976 жылы ақпан айында өмiрден өттi. Наурзумский район |
Наместников Виктор Васильевич Родился 22 ноября 1919 года. Принимал участие в войне с Японией. Награжден орденом Отечественной войны 2-й степени. г.Рудный |
Наместникова Мария Михайловна Родилась в 1919 году. Принимала участие в боях с ноября 1942 года. Служила телеграфистом на военно-эксплуатационной железной дороге. г.Рудный |
Наметов Иосиф Наметович Родился в 1917 году в Орджоникидзевском районе, Аятском с/с. В 1937 г. закончил Ак-булакское педучилище. С 1939 г. по 1944 г. служил в рядах Красной Армии. На фронтах с мая 1942 г. по март 1944 г. Участник партизанского движения. Был комиссаром отряда №116 бригады Железняка. После войны работал директором Москалевского племсовхоза, затем директором совхоза «Родина». Награжден 2 орденами, 5 медалями, Грамотами Верховного Совета КазССР. Костанайский район |
Нармағамбетов Қайырбек 1919 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылының Тай деген қыстауында дүниеге келген. Ол Көкалат мектебіне қабылданып, сол үш жылдық мектепті бітіріп, колхоз жұмысына араласады. 1939 жылы қыста Торғай әскери комиссариатынан азаматтық борышын өтеуге Қызыл Әскер қатарына шақырылады. Воронеж облысының Брянск қаласының Алексеевка станциясында арнаулы оқу жаттығудан өтеді. Қол пулеметін (ручной) жетік меңгерген, жаяу әскер қатарындағы жауынгер 1940 жылы қыста финн соғысына аттанады. Бір жылдан кейін фашистік Германияға қарсы соғысқа қатысады. Жас жауынгер 774 дивизияның бірінші батальоны, үшінші рота қатарында Украинаның Харьков қаласын, Белоруссия астанасы Минск қаласын, Польшаны азат етуге қатысады. Бір шайқаста жарылған бомбаның ұшқыны тиіп, көзден жарақат алған жауынгер Варшава қаласында госпитальда емделеді. 1945 жылы босап туған еліне оралады. Соғыстан кейін колхоз одан кейін совхозда жұмыс істейді. 1947 жылы семья құрған. Отыз бес жыл қойшы болып еңбек етіп зейнеткерлікке шығады. Ардагер өзінің зайыбы Нармағамбетова Кабирамен Аралбай ауылында бес бала өсіріп, одан он екі немере сүйді. Майданда көрсеткен еңбегі үшін көптеген медаль-ордендермен, Жеңістің, Қарулы Күштердің айтулы жылдарында мерекелік белгілермен атап өтілді. Сондай-ақ Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың медалімен марапатталған. Отан соғысының ардагері 2007 жылы дүниеден өтті. Джангельдинский район |