![]() Лящев Артыкбай Родился в 1925 году. В Великой Отечественной войне с 1943 по май 1945 года, 91 СД, 277 СП. Освобождал Витебск, Смоленск, воевал в Польше. Был ранен. Трудовая деятельность: заготовитель с/за «Казанбасский». Награды: орден Отечественной войне ІІ степени. Аулиекольский район |
![]() Лященко Ефим Терентьевич Родился 15 января 1919 года в с. Ново-Покровка Варненского района Челябинской области. На фронт Великой Отечественной войны призван в 1941 году. Служил при штабе – водителем. Демобилизован в 1944 году. Вернулся в село Босколь, работал водителем. Был женат, воспитал 4 детей.
Карабалыкский район |
![]() Лященко Павел Ерофеевич Родился 23 декабря 1926 года в селе Наталовка на Украине. В 1942 году вступил в ряды ВЛКСМ, работал заправщиком. Во время Великой Отечественной войны служил в стрелковом полку. С 1954 года проживал в с.Майское, работал водителем, зам.директора по хозяйственной части. На пенсию вышел слесарем убойного цеха. Воспитал четверых детей. Награды: медали «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освобождение Варшавы», юбилейные медали. Умер 24 июля 1997 года, похоронен в с.Майское. Тарановский район |
![]() Лященко Павел Терентьевич Родился 15 июля 1915 года в селе Ново-Покровка Варненского района Челябинской области. До войны проживал в селе Босколь. Участник Великой Отечественной войны. В 1941 году одним из первых призван в действующую армию, демобилизован 9 мая 1945 года. После войны женился, воспитал сына. Награжден медалями «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», орденом Красной Звезды.
Карабалыкский район |
![]() Лященко Петр Андреевич 1909 г. рождения. Призван 10 сентября 1941 г. Служил в составе 9 армии, 12 гвардейский полк – артиллерист. Демобилизован в сентябре 1945 г. Проживал в п. Садчиковка. Награды: медали "За взятие Кенигсберга", "За отвагу". Костанайский район |
![]() Мүсіралин Ізбасар 1913 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Жаркөл ауылында туған. 1941 жылдың 21 қарашасында армияға шақырылып, 1945 жылдың қазан айына дейін әскер қатарында болған. ІІ Украина майданының 380 атқыштар полкінің атқышы болып талай ұрыстарға қатынасқан. Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін жеңістің атаулы жылдарының орден, медальдарының бәрімен атап өтілді. Армия қатарынан елге 1946 жылдың басында оралған. «Жаңа тұрмыс», «Соц жол» ұжымшарында әрі кітапхана меңгерушісі, әрі парторг боп істеген. Сондай-ақ Жаркөл ауылдық кеңесінің хатшысы қызметін де атқарды. «Албарбөгет» кеңшарының «Тентексай» бөлімшесін басқарды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін кеңшар директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары боп жұмыс жасады. Жұбайы Ажар екеуі өсірген ұлы Санақ Ізбасаров бүгінде ауылдағы тәрбиелі азамат, майдангердің немерелерін өсіріп отырған үлгілі ұстаз ретінде елге сыйлы. Джангельдинский район |
![]() Мұқанов Қабжамал 1921 жылдың 15 маусымда Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №13 Октябрь ауылдық кеңесіне қарасты Бүйректал ауылында дүниеге келген. Білімі 7 сыныптық. 1942 жылдың ақпан айында Торғай АӘК-нан әскерге шақыртылып, соғыста 615 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1942 жылдың қараша айында Сталинград түбіндегі жаумен болған ұрыста сол қолынан жараланып, госпитальда емделіп, әскер қатарына жарамсыз болып елге оралған. «Ерлігі үшін» және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Өмірінің соңына дейін өзі туған Бүйректал кеңшарындажұмыс істеген. Жұбайы Сүлейменова Бану екеуінен 4 қыз, 1 ұл және немере-шөберелері бар. 1976 жылдың 19 маусымында қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Мұңлыбеков Хамитбек 1926 жылы 5 наурызда Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесіне қарасты Қарасу деген жерде дүниеге келген. Сол жердегі Жасбуын бастауыш мектебінде оқып білім алған. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Челябі облысы, Шұбаркөл деген жерде үш ай әскери дайындықта болып, ІІ Украина майданының құрамында Одер өзенінің жағасынан бірақ шығады. 19-ші дивизияның 54-ші полкінде, 120-ші минометшілер ротасында атқыш болады. Одер өзенінен өтердегі қырғын соғыста бір минометтегі жеті адамнан төрт адам ғана тірі қалды. Соғыс аяқталған соң полктің солдаттары Дрезден т.б. қалаларда тәртіп орнатып, қалпына келтіруде болды. Елге 1950 жылдың аяғында оралды. Чкалов колхозында жүк машинасына жүргізуші болып, 1968 жылға дейін жұмыс істейді. Кейін аудан орталығына көшіп келіп, әр түрлі мекемелерде жұмыс істеп зейнеткерлікке шығады. Отан соғысы ордені, «Ерлігі үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың және соғыстан кейінгі мерекелік 6 медальдары бар. «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің 100 жыл толуы құрметіне арналған медальмен марапатталған. Артында қалған ұл, қыз, немере ұрпақтары бар. 2002 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Мұратқали Камалұлы 1924 жылы 5 мамырда күні қазіргі Жангельдин ауданының Қошалақ деген жерде Камал деген қарияның шаңырағында дүниеге келген он алтыншы баласы. Әкесінен үш жасында қалып, үлкен ағаларының қарауында болады, соның арқасында 30-ші жылдардағы ашаршылықтан да аман қалады. Соғыс басталар жылы 8-9 сыныпта оқыған. 1942 жылдың тамыз айында әскерге шақырылады. Тюмень, кейін Чебоксары қалаларында дайындықтан өтті, 79-ші жеке гвардияшыл минаатқыш дивизионның қатарына қосылды, Солтүстік, Волхов, Калинин майдандарында соғысты. Сол жылдың желтоқсанында қатары сиреген дивизионды бригада құрамымен Москва түбіне қайта құрастыруға жіберілді. Жаңадан шыққан М-В (катюша) қарумен жасақталған бригада қайтадан майдан шебіне оралды. Бригада 33 гвардияшыл полк деп аталды, 3-ші Белорусь майданына қарасты болды. Біздің майдангеріміз өзінің бөлімшесінде кіші сержант атағы бар нысанашы болды. 1943 жылдың 13 наурызында жаңа қарумен ең бірінші рет жауға қарсы от жалыны атқыланды. Бұл Белоруссияны азат етудегі алғашқы шайқастар еді. Содан кейін Польша, Германия болды. Кеингсберг қаласын алуға қатынасты. Майдандағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін» медальмен марапатталды. Германияны жеңгеннен кейін, Жапонияға қарсы соғысқа қатынасты. 1947 жылдың 4 ақпанында әскер қатарынан босап, елге оралды, бір жылдан кейін еңбекке араласты. Колхоздарда дайындау мекемесінің агенті болды, партия, совет, кәсіподақ қызметтерін атқарды, Шилі совхозында бөлімше меңгерушісі, жұмысшылар кооперациясында істеді. Құрметті демалысқа шықты, көп жылғы еңбегі бағаланып, «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдармен марапатталған. Алты бала тәрбиеледі, олардан 17 немере, 7 шөбере сүйіп отыр. Амангельдинский район |
![]() Мұстафин Өтен Мұқанұлы 1926 жылдың 15-ші тамызында Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Татьяновка селосында туған. Әскер қатарына 15 желтоқсан 1944 жылы алынып, Шұбаркөл қаласында әскери дайындықтан өткен. 1945 жылыдың наурыз айында ІІ Белорус майданына қатысып, Минск қаласын жаудан босатқан. Сәуір 1945 жылы 303 атқыштар полкінің құрамында Одер өзені үшін болған үлкен шайқасқа қатынасқан. 9 мамыр 1945 жылы соғыстың жеңіспен аяқталғанын естіп, Росток қаласында өткен әскери парадқа қатынасқан. 1947 жылы 303 атқыштар полкі таратылып, қолбасшының бұйрығымен Орал әскери округіне қарасты Сведловск қаласына көшірілген. Осы жерде 1950 жылдың сәуір айына дейін әскери борышын өтеген. Елге келген соң ішкі істер бөліміне жұмысқа орналасып, 1981 жылы зейнеткерлікке шыққан. Отан соғысындағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және 6 мерекелік медалімен, ішкі істер саласындағы жақсы қызметі үшін 5 медальмен марапатталған. Қазір Арқалық қаласында тұрады. Амангельдинский район |